ТАҒЫ БІР ОППОЗИЦИОНЕР ТҰТҚЫНДАЛДЫ
Қырғызстан соты саясаткер Эрнест Карыбековты мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысына екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы арнайы қызмет орнының қоғаммен және ақпарат құралдарымен байланыс бөлімі хабарлады.
Карыбеков 25 наурызда "Билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға дайындалу" деген бап бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты деген күдікке ілінген. Бұған дейін осы іс бойынша оппозициялық саясаткерлер Бектұр Асанов пен Қубанычбек Қадыров та екі айға қамалған еді. Осы іске қатысты күдікке ілінген Дуулатбек Тұрдұналиевке іздеу жарияланды.
21 және 22 наурызда интернетте қырғыз оппозиция жетекшілерінің әңгімесі жазылған делінетін екі үнтаспа пайда болды. МҰҚК билікті күшпен басып алу туралы сөз қозғаған дауыстар оппозиция серкелері Бектұр Асановқа, Қубанычбек Қадыров, Әзімбек Бекназаров және Дуулат Тұрдұналиевке тиесілі деп мәлімдеді.
Абай-ақпарат