Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3038 0 пікір 24 Наурыз, 2016 сағат 08:53

ГЕНЕРАЛ СИРИЯДА РЕСЕЙЛІК ЖАСАҚТЫҢ БАР ЕКЕНІН МОЙЫНДАДЫ

Орталық әскери округі әскерінің қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-полковник Александр Дворников "Российская газета" басылымына берген сұхбатында ресейлік әскердің Сириядағы құрлықтағы әскери қыимылдары туралы айтып берді. Ол сириялық әскерде "тактикалық буын деңгейіне дейінгі" әскери кеңесшілердің барлығын және арнайы жасақтың барлауға қатысатынын мойындады.

Сириядағы ресейлік әскерге қолбасшылық жасаған генерал-полковник, Сириядағы соғыстағы жағдайды үкімет әскерін дайындаған, күрдтерге және тағы "басқа ұйымдарға" көмектескен әскери кеңесшілердің күрт өзгерте алғанын мәлімдеді.

"Сирия аумағында біздің арнайы жасақтың әрекет ететінін жасырмаймын. Олар ресейлік әуе күштері үшін барлау мәліметтерін дайындайды, шалғай аудандарда ұшақтарды нысаналарға бағыттайды,басқа да айрықша тапсырмаларды орындайды", – деді Дворников.

Ол сонымен бірге Сирияда АҚШ пен коалициядағы өзге елдердің де арнайы жасақтарының әрекет ететінін айтты.

Ресейдің Сириядағы әскери операциясы жарты жылға жуық уақыт созылды. 2016 жылы 14 наурызда Владимир Путин ресейлік әскердің бір бөлігін елден шығаратыны туралы мәлімдеді. Оның айтуынша Сириядағы әскери шараның құны 33 млрд рубль болған. Ресей ресми түрде бес әскери қызметшісінің, оның ішінде арнайы жасақ жауынгері Федор Журавлевтің қаза тапқанын мойындады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435