ПОРШЕНКО САВЧЕНКОНЫҢ АДВОКАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Украина президенті Петр Порошенко украиналық ұшқыш Надежда Савченконың адвокаттары Марк Фейгин, Николай Полозов және Илья Новиковтармен кездесті.
Кездесу барысында президент Порошенко адвокаттарға жұмыстары үшін алғысын жеткізді. Бұл жөнінде Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оның бағалауынша, адвокаттары Надежда Савченконың кінәсіздігін дәлелдеу үшін, қолдарынан келген барлық амалдарын жасап жатыр. "Сіздер қазір өте ауыр жағдайда тұрсыздар. Бірақ Ресейдің Надежда Савченкоға таққан айыптарының негізсіз екенін сіздердің, біздердің бірлескен күштерімізбен әлемге дәлелдедік",– деп атап өтті президент Порошенко.
Ол сонымен бірге "Савченконың санкциялық тізімін" енгізуге қатысты белсенді түрде кеңестер өткізіп жатқанын жеткізді. Президент Надежда Савченконы үйіне қайтару үшін өзінің конституциялық мүмкіндігін барынша пайдаланып отырғанын кезекті рет баса айтты.
Абай-ақпарат