Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4136 0 пікір 29 Маусым, 2010 сағат 03:37

ҚАШҚАНДАР ҚҰТЫЛМАДЫ

Ақтаудағы түрмеден қашқандардың қалған он үші бүгін түнде ұсталды

Құрық

Ақтау, 26-маусым.

Бүгін, 26-маусым күні, араға төрт күн толғанда газетіміздің тілшісіне сағат түнгі 22-00-лер шамасында түрмеден қашқан қылмыскерлердің қалғандарының ұсталғаны туралы ақпарат жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 22-ші маусым күні таңғы 5:10 шамасында Ақтау қаласының сыртындағы ГМ 172/1 қатаң режимдегі колонияда атыс болып, одан 21 сотталған қашып шыққаны туралы хабар сол күні таң атпастан бүкіл әлемге тарап үлгерген еді. Суыт оқиғадан жеті сотталған өліп, біреуі ұсталғаны, қалған он үші қашып құтылғаны туралы естімеген жан жоқ...

Естуімізше, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті, «Арлан» арнайы тобының іздестіруімен Маңғыстау ауданы, Шетпе елді мекенінен 20 шақырым қашықтықтағы Айрақты тауының маңында жасырынған қашқындармен арнайы жасақ арасында атыс болған. Нәтижесінде, 8 сотталған өліп, 5-еуі қолға түсті, араларында жаралы бар екен. Ал, сарбаздар тарапынан бір адам жарақатты. Сондай-ақ, қашқандарды көлікпен алып жүрген тағы 2 адам ұсталған. Естуімізше, олар көліктерге жарылыс жасаған.

Бұл оқиғаның сұлбасы анықтала бастағаннан бері редакция журналистері мәселені жіті бақылау үстінде. Алайда, оқиғаның діни «бояуы» барлығы, қашқандар уаххабилік ағымын ұстанатындар екені ақпарат анық болса да әлі даулы күйінде. Бірақ, түрмеден қашқан 21 адамның бірі, қолға түскен Ж.Құрмашев тергеу барысында оқиғаның қалай басталғанын баяндап берген. Ол қашқандардың уаххабилік ағымда болғанын жоққа шығармайды. Оның айтуынша, 22-маусым күні таңғы сағат 5.10-да болған оқиғаның жоспары бойынша, оларды қақпа сыртында үш автокөлік күтіп тұрған. Егер аман құтылып шыққан жағдайда, олар Жамбыл облысының Қаратау тауына жетпек болған. Құрмашевты тергеу барысында олардың уахаббиттік бағыт ұстанғандары анықталғаны туралы анықтама интернет сайттары бетінде жарияланды. Кейбір мағлұматтарға қарағанда түрмеден қашқандардың ішінде түрменің имамы Бекенов болғаны туралы біз жазған болатынбыз (қараңыз, «Үш қиян» №23, «Қатер - қапастан шықты», 24.06.2010ж.).

Қашқын тұтқындардың ішінде 2007 жылы Қордай ауданында «Такфирлер жамағаты» лаңкестік ұйымын құрғаны және басқарғаны үшін ҚР ҚК 233,164,251 бабы бойынша сотталған Дәурен Әлімбетов деген уаххабит қылмыскер де бар. Сонымен қатар 2008 жылы Маңғыстауда полиция капитаны Бисекеновты «Аллаһу акбарлап» өлтірген уаххабилік ағым мүшелері Е.Алпанов, Н.Ажиев, О.Жолдасбаев бар болған. Осының бәрі бұл оқиғаның діни бояуы қаншалықты қалың екенін көрсетсе керек.

Біздің елде кейбір діни астары бар қанды қылмыстарды жасаушылардың идеологиялық жағы бүркемеленіп, дінге қатысы жоқ қылмыс (тонау, кісі өлтіру) түрінде сотталып жататынын ескерсек, бұл оқиғаның да діни астары бүркемеленуі мүмкін деген күдік туады. Сондай-ақ Қазақстан түрмелерінде тіпті басқа «классикалық қылмыс» түрімен түссе де, олардан өте жылдам түрде уаххабшы «жасап» шығаратын тегеуріні қатты қатерлі үдерістің үдеп тұрғаны да қылмыстар сипатын анықтауды қиындатады.

Әрине, кісі өлтіріп, мемлекетке, қоғамға, жеке адамның хақысына қарсы жасалған қылмыс қандай ұрандармен бүркемеленсе де, одан оның «бәсі» кемімейді. Бұл орайда әңгіме көрініп тұрған ақиқатты бұрмалағысы келетін кейбір құзырлы орындар өкілдерінің қылығы туралы болып отыр. Күні кеше ақпарат құралдарында Маңғыстау облыстық прокуратурасы өкілдері оқиғаның діни астарын көпе-көрінеу елегісі келмеген түр байқатты. Алайда, «бүркенген жерге бүрге үйір болатыны» тағы рас. Ғалам болып тас түйін күресіп жатқан терроризм мен діни экстремизм әрекеттерін ашық талқылап, қоғамды құлақтандырып, сақтандырудың несі зиян екенін түсінбей-ақ қойдық. Елдегі рухани-діни процестердің даму үдерісін жіті қадағалайтын «ҮШ ҚИЯН» Ақтау түрмесіне қарулы шабуыл оқиғасының да жай-жапсарын бақылауда ұстап, оқырманға шынайы ақпарат, тыңғылықты талдау ұсынуды жалғастырмақ ниетте.

Алмас Қуанбай

«Үш қиян»

27-маусым, 2010 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321