Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3032 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 09:06

САВЧЕНКО АШТЫҚТЫ ТОҚТАТТЫ

Надежда Савченко 3 наурыздан бері ұстап келе жатқан құрғақ аштықты 10 наурызда тоқтатты. Бұл жөнінде твиттерге оның адвокаты Николай Полозов жазды.

Савченконың екінші адвокаты Марк Фейгин Новочеркасскадағы тергеу абақтысында Савченкомен кездесуде президент Порошенконың құрғақ аштықты тоқтату жөніндегі өтініш хатын жеткізгенін мәлімдеді.

Надежда Савченко келісіп, жауап ретінде өзін қолдағаны үшін барлық украиналықтарға алғысын білдіретінін жеткізген. Ол 21-22 наурызда болатын сот үкіміне дейін күресетінін мәлімдеген. Адвокаттың сөзінше, Савченко аштықты тоқтатуын шегіну деп есептемейді. Ол мұны жеңіс ретінде қабылдайды және Украина билігінің оны босатуға әрекеттенуі жеңіспен аяқталады деп үміттенеді. Алдын Украина президенті Петр Порошенко Надежда Савченконы үйіне қайтару үшін, алмастыруға дайын екенін білдірген. Адвокаттың сөзінше, егер екі тарап келіссе, Савченко сәуір айына дейін үйіне оралуы мүмкін.

Надежда Савченко 3 наурыздан бері оған соңғы сөзін айтуға мүмкіндік бермегені үшін, құрғақ аштық жариялаған. Киев Савченкоға дәрігер жеткізбекші болды, алайда Ресей билігі оның соттағы әрекеттері үшін қарсылық білдірді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475