Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3348 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 09:20

ПУТИНГЕ САНКЦИЯ САЛУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Кремль Еуропарламент депутаттарының Савченко ісіне бола Владимир Путинге санкция салуға керектігі туралы жариялаған үндеуіне жауап берді.  

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков украин ұшқышына қарсы сот толықтай Ресей заңдарына қатысты өтіп жатыр, оған әлдекімдердің араласуына жол берілмейді деп мәлімдеді.

Песков сол себептен де Савченкоға қатысты сот ісіне түсіктеме бермейтінін жеткізді. Савченконы Ресей азаматтарымен айырбастау жөнінде ұсыныс болды ма деген сұраққа, Песков бұл жәйттен хабарсыз екенін айтты.

Алдын Ресей СІМ өкілі Мария Захарова Савченкоға қатысты келіссөз болмағанын және сот шешіміне дейін болмайтынын мәлімдеген.

Ростов облысындағы Донецк қалалық соты украниалық ұшқыш Надежда Савченкоға қатысты сот үкімін 21 наурызға белгіледі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435