Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3686 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 09:08

НАЗАРБАЕВ "НҰР-ОТАНҒА" ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев егер мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауында өзі төрағалық ететін "Нұр Отан" партиясына дауыс берсеңдер, елге реформа жасауды жалғастырамын деп уәде берді.

Ол мұндай мәлімдемені Оралда өткен Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық форумында жасады.

— Барлық азаматтардың тұрақтылықты, бірлікті және жасампаздықты жалғастыру үшін дауыс берулері өте маңызды. Бұл "Нұр Отан" партиясының саяси бағыты екенін біз барлығымыз жақсы білеміз,— деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президентінің сөзінше, "Нұр Отан" партиясы бағдарламасының басты міндеті - "Нұрлы жол" бағдарламасын адал әрі өнімді аяқтап, Қазақстанның көлік, темір жолдарды жөндеп, электростанция мен өзге де инфрақұрылымдық нысандарды тұрғызу және тұрғын үй, балабақша, мектеп пен аурухана салу.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге сайлауға қатысушылар көп болса, елге инвестиция да көптеп келеді деді.

Қазақстанда мерзімінен бұрын парламент мәжілісіне сайлау 20 наурызда өтеді. Қазақстандағы оппозиция мен құқық қорғаушы ұйымдар мерзімінен бұрын өткізетін сайлау тәжірибесі биліктің қарсыластарына әділ сайысуға мүмкіндік бермейді деп сынап келеді. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 1989 жылдан бері Қазақстанды басқарып келеді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434