Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 6173 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 10:40

БІР КҮНДІК ҚҰРМЕТТІҢ "ҚАДІРІ"

Көктем сайын қазақ қоғамында қос тақырып қай­та­ра қойыртпақтанып жатады. Біріншісі, 14 ақ­пан - «әу­лие Валентин күні», екіншісі, 8 наурыз - Халық­ара­лық әйелдер күні. Шынтуайтына келгенде, бұл ат­ал­ған қос мейрамның да тарихы жетісіп тұрған жоқ. Оның үстіне екеуі де қазаққа жат, зорлықпен та­ңыл­ған даталар. Орыстілді немесе орысқол қазақ ба­у­ыр­ларым, әрине, кеңірдектерін созып, уәж айта жа­т­ар, бірақ, бәрібір, бәрінікі бос сөз, құр қоқан-лоққы...

«Ұра берсең, сайтан да өледі» демекші, әулиенің күні күңгірттене бастаған сыңайлы, тек басына орыс­шыл­дық өтіп кетіп, жүрегіне қара дақ салған топалаң то­быр ғана 14 ақпанда қолдарына жүректің суреті са­лынған титімдей открыткаларын ұстап, алақтап жүр...

Ең қиындауы, 8 наурыздың нәубеті болып тұр. Аға буын айықпастай уланып, орта буын оңбай омақасқан, тіпті, жас буынның буынына түсіп кеткен Әйелдер күні, бір қарағанда, зиян-зобалаңнан ада, шаймашуақ көктемнің көңілді беташары секілді. Дей тұрғанмен, 8 наурыздың тарихы да тарамыстанып жатыр. Тек, анаға деген құрмет қана қазақтың тілін күрмелтіп, екпінін еңселетіп отыр.

Негізі, 8 наурыз - гүл сатушылардың нағыз мейра­мы. Сірә, осы бизнестің өкілдері осы бір-ақ күнде бір жылдық қорын жинап алатын шығар. Құрбан айт­ында қой саудалаушылар о дүниенің сауабынан гөрі, бұ дүниенің қалауына жеңіліп жатса, 8 наурызда гүл сатушылардың құдайы беріп қалады. Қызғаныш жоқ, еңбек еткен еселеп жесін, бірақ, тағы да ұят пен иманды аттап кететініміз қалай?!. Қалтасы жұқа бір-ақ тал гүл алғанға алара қарап, қалтасы мен қар­ны қампиып, бірнеше кәрзіңке гүл шоғырларын сау­да­лағанның алдында құрдай жорғалайтынымыз қалай?..

«Мейрамның тарихы» демекші, 8 наурыз туралы ойын білдірген белгілі тележурналист Серік АБАС-ШАХ ағамыз көгілдірлер мен еркекшоралардың ойлары мен қолдарынан шыққан заттарды еркін қолдана беруге шақырыпты. Меніңше, «спорный вопрос»...

Даусыз мәселе, 8 наурыз жайлы қазақ қоғамында біржақты тұжырым жоқ. Бір күндік құрметтің «қадірі» қалай баянды болсын! Аяулы ана мен ардақты ару күн сайын, сәт сайын құрметке лайық.

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443