Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3844 0 пікір 9 Наурыз, 2016 сағат 10:09

ҚЫТАЙЛЫҚ ҰЙҒЫРЛАР СИРИЯДА СОҒЫСЫП ЖҮР

Қытайлық ұйғырлар Сирия басшысы Башар Асад режиміне қарсы соғыстың құралына айналды, - деп жазады  InoPressa.ru басылымы  La Stampa газетіне сілтеме жасап.

Сирияда соғысып жүрген ұйғырлар мыңдап саналатын көрінеді. Ауғанстан, Орталық азия және Түркия аумағы арқылы Сирияға жеткен олар алавиттер тастап шыққан таулы ауылдарды мекен етіп, алыс стратегиялық позицияларды бақылауларына алған.

«Бүгінде Сирияның Идлиб провинциясына (Сирияның солтүстік-батысында орналасқан провинция) мықтап орныққан ұйғырлар – сүнниттік сенімдегі түркітілдес халық» деп жазады басылым.

«Бір жыл бұрын «Ан-Нусра майданының» одақтасы Turkistan Islamic Party (TIP) құрамына кірген ұйғырлар бірнеше жүз адам еді. Идлиб алынған соң ұйғырлардың ұйымға келіп қосылуы артып, шетелдік содырлар ішіндегі саны жағынан ең көп топқа айналды. Бүгінде олардың саны 4 мыңнан 5 мыңға дейін жетеді», деп жазады La Stampa.

Бұл миграция Идлиб провинциясын толықтай бақылауына алған «Ан-Нусра» әскерімен одақтастық арқасында және Қытай мен Пәкістан тарапынан жүргізіліп жатқан лаңкестікке қарсы операциялар салдарынан орын алып отырған секілді. Пәкісттан мен Қытай қыспағынан қащщнақн ұйғырлар Гиндукушты тастап Сирия асқан сияқты.

Басылым сондай-ақ, Сириядағы радикалды емес көтерілісшілердің ұйғырлардың кесірінен Қытай сириядағы жағдайға араласып, Ресейге қолдау білдіруі мүмкін деп қауіптенетінін жазады. Сирия үкіметі ҚХР-дың Дамаскідегі елшілігі ғимаратының қауіпсіздігін күшейтіп жатқандығын және Меззе әуежайына қытайлық әскери мамандардың келетінін растаған.

La Stampa сонымен қатар, ұйғырлардың дені Сирияға отбасыларымен бірге барғанын, бұл олардың осы аймақта біржола қалуды мақсат тұтатынын білдіреді деп жазады. Ондағы ұйғырлар басқа «шетелдіктер» сияқты емес, өздерінің жүздерін жасырмайды және елдеріне ешқашан оралмайтындықтарын, оралған жағдайда оларды қатаң жаза күтіп тұрғанын ашық айтатын көрінеді.

«Қамшы» сілтейді

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401