Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3917 0 пікір 18 Сәуір, 2016 сағат 11:18

"АЛТЫН ОРДА" БАЗАРЫНАН ӨРТ ШЫҚТЫ

Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарының аумағында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіндегілердің мәлімдеуінше, екі асхана отқа оранған.

"2016 жылдың 17 сәуірінде сағат 13.28-де "БН Алтын-Орда ЛТД" ЖШС аумағынан өрт шықты деген хабар келіп түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Оқиға орнына жеткенде бір шатырдың астында орналасқан екі асханадан өрттің шыққаны анықталды, жалпы аумағы 396 шаршы метр болады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сағат 14.09-да ауыздықталды. Ал сағат 14.21-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 38 адам мен 9 техника жұмылдырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2743
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1859