Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3386 0 пікір 15 Наурыз, 2016 сағат 16:12

ТОҚАЕВ ТАҒЫ ДА: «МӘСКЕУ МӘЛӘДЕС!»

Тоқаев Ресейдің позициясына оң баға беріп, Путин арсеналының Сириядан шығарылуы елдегі жағдайды қалпына келтіруге көмектесетіне сенімді.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік авиацияны Сириядан шығару туралы шешімге қолдау білдірді.

Сенат спикері Тоқаевтың бүгін Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Кремльдің әуе күштерін шығару және Сириядағы әскери қимылдарды тоқтату туралы шешімі шынайы бітім мен бейбіт үдеріске жағдай жасайды», — деп жазылған.

Ресей президенті Владимир Путин 15 наурыздан бастап Сириядағы әскерді әкетуді бұйырған. Бұл бұйрыққа Женевада Сириядағы жауласқан тараптар арасындағы келіссөздер басталған дүйсенбі, 14 наурызда қол қойғаны тулары жазған болатынбыз.

Путин әскерилердің қойылған тапсырманы орындағанын айтып, әскерді шығару шиеленісті саяси жолмен шешуге түрткі болатынына сенім білдірді. Путиннің айтуынша, Ресей әскері шоғырланған Тартус және Хмеймимдегі базалар бұрынғы тәртіппен жұмыс істей бермек. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирия президенті Башар Асадтың Путиннің шешімімен келіскенін айтты.

Ресей Сириядағы әуе соққыларын 30 қыркүйекте бастаған еді.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаеевтың Ресейге деген ерекше махабаты бар екенін қазақстандық БАҚ аз айтып жүрген жоқ.

Тоқаеев мырзаның Ресей Федерациясы аумағындағы үлкенді-кішілі саясаткерлердің ішінде беделі жоғары екенін осыған дейінгі мәлімдемелерінен көріп-біліп жүрміз.

Мысалы, өткенде ЕЫҚҰ жиынында Тоқаевтың сөзіне ресейлік саясаткер Слуцкий сүйсінгені туралы да жазған болатынбыз (http://abai.kz/post/view?id=6916).

Слуцкийдің сөзінен кейін қазақстандық кей басылымдар мен әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресейшіл саясаткер ретінде айыптаған пікірлер жазды. Айтпақшы, Тоқаев  бұған дейін «Түркияның Ресей әскери ұшағын атып түсіруі – негізсіз» деп, Ресейдің ресми позициясын қорғағаны тағы бар еді.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540