Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3929 0 пікір 3 Наурыз, 2016 сағат 11:20

Т.ҚҰЛЫБАЕВ: БАЛАБАҚШАЛАРДЫ ӨЗІМІЗ САЛАТЫН БОЛАМЫЗ

«Атамекен» ҰКП Төралқа басшысы отандық инвесторларды мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды

Қазақстандық компаниялар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде іске асыру көзделген жобалар бағдарламаларында үстем болуы тиіс. Әсіресе, егер әлеуметтік маңызды нысандар туралы сөз қозғалған кезде. Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев осындай пікір айтты.

«МЖС бойынша мен кәсіпорындар тізімін қарап шықтым (Астанада – ред.)  – онда вокзалдар, тұрақтар, мектепке дейінгі балалар мекемелері бар. Маған мектепке дейінгі мекемелер құрылысын жүргізуге төрт шетелдік өтініштің бар екендігі қызық көрінді, яғни төрт қытайлықтың өтініші», – деді Тимур Құлыбаев Астана қ. Кәсіпкерлерінің жыл сайынғы ІІІ конференциясы барысында.

«Құрметті әріптестер! Біз шетелдік инвесторларды үлкен капиталға, терең ғылымға (жобаларға – ред.) мұқтаж, оларды өздерінің білімдерін қолдана алатын, инвестициялар әкелетін жерлерге ғана шақырайық. Оның үстінен, бізде Іскер әйелдер кеңесі бар, мектепке дейінгі мекемелер құрылысын соларға берейік. Мұндай заттарды біз өзіміз де жасай аламыз», – деген ұсыныс жасады «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы.

Астана кәсіпкерлері бұл үндеуді ду қол шапалақтай қолдады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371