УКРАИНА ЛЕНИНДЕРДІ ЛЕННОНҒА АУЫСТЫРУДА
Закарпат облысы мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы Геннадий Москаль "Украинада коммунистік және ұлттық-социалистік (нацистік) тоталитарлық жүйені айыптап және оның белгілеріне толық тыйым салу" жөніндегі заңға сәйкес бірнеше көшелердің атын өзгерту жөніндегі бұйырыққа қол қойды.
Москальдің жеке сайтында Тячевск ауданы, Калина ауылындағы Ленин көшесінің атауы "Битлз" тобы әншісінің құрметіне Джон Леннон болып өзгертілетіні жазылған.
Алдын Украинаның шығысындағы Харьков облысы Изюм қаласындағы Ленин атындағы алаң да Джон Леннон болып өзгертілген. Бұл Google Maps'та да жаңа атаумен көрсетілген.
"Декоммунизация жөніндегі" заңға сәйкес Украинада 900-ға таяу елдімекен мен мыңдаған көше, алаң, саябақтардың атауы өзгертілуі тиіс.
Абай-ақпарат