Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4838 0 пікір 3 Наурыз, 2016 сағат 09:07

НАЗАРБАЕВ СИРИЯДАҒЫ БІТІМДІ ТОЛЫҚ САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Сирияда қақтығысты тоқтату режимі 27 ақпанға қараған түні күшіне енген.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, дипломатиялық миссия жетекшілерімен кездесуде сөйлеген Назарбаев Сириядағы қақтығыстың теріс салдары "аймақтан тыс алысқа әсер етіп жатқанын" айтты.

"Біз Ресей мен АҚШ арасында Сирияда қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанын дұрыс көреміз. Қақтығысқа тартылған барлық тараптарды келісімді толық орындауға шақырамыз. Мұның қақтығысты ұзақ мерзімге саяси жолмен реттеуге ықпал ететініне сенімдіміз" деген Назарбаев.

Қазақстан президенті бұған қоса Қазақстанда әлсіз байытылған уран банкін орналастыру туралы келісімнің маңыздылығын да айтқан. Банк орналастыру туралы келісімге 2015 жылы тамызда Астанада Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікпен қол қойылған. Әлсіз байытылған уран банкін Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының территориясына орналастыру жоспарланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2738
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 874
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826