АНКАРАДА АЛАШТЫҢ ӘЛИХАНЫ ТҮРКІ ЗИЯЛЫЛЫЛАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСАДЫ
4 нарыз күні Түркияның Анкара қаласында «Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы және түркі зиялылары» деген атпен конференция өтеді,-деп хабарлайды alauinform.com сайты.
Сонымен қатар, алты Алаштың көсемі ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ өмірі мен сан қырлы қызметі және мұрасы туралы Сұлтан Хан Аққұлының қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі зерттеулері, мақалалары және сұхбаттары жинағының «сүйінші» данасы басылып шықты.
Жинақ «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының қаржылай демеушілігі негізінде жарық көрді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
2 аптаның ішінде жинақ кітапты Алматы мен Астана қалаларының кітап дүкендерінен сатып алуға болады. Жинақ 1 мың данамен ғана жарық көргендіктен, сатып алушылардың асыққаны абзал.
Ұлт тарихын қадірлеушілерге таяуда қазақ тілінде Әлихан Бөкейхан туралы тұңғыш 2 томдық монография жарық көргендігі туралы айта кетейік. Шығармада тарихи-мұрағаттық құжаттар мен дерекөздер негізінде қазіргі Қазақ елінің іргетасын қалаушы Әлиханның дүниеге келген сәтінен 1937 жылы Мәскеуде ОГПУ-НКВД-ның тас қапасында ату жазасына кесілген күніне дейінгі ғұмырлық жолының беймәлім сәттері, сан қырлы қызметінің жұмбақ болып келген қыр-сыры баяндалады.
Abai.kz