Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4205 0 пікір 2 Наурыз, 2016 сағат 09:58

ӨЗБЕКСТАНДА "ДЕРБЕС" ОРЫНБАСАРЛАР ПАЙДА БОЛАДЫ

Өзбекстан президенті  Ислам Каримов облыс хокимдерінің жергілікті жердегі абсолютті билігін шектейтін шаралар қабылдауда.

Каримов 24 ақпанда «мемлекеттік басқарудың аумақтық органдарындағы құрылымдарды жетілдіру туралы» жарлыққа қол қойған. Ол бойынша хокимяттар құрылымында әкімнің жаңа орынбасарына орын ашылған. Бұйрыққа қосымша кестеде хокимнің тағы бір - алтыншы орынбасарының қызметі мен оның хатшылығы көрсетілген. Әкімнің жаңа орынбасары мен оның секретариаты дербес жұмыс істейтін болады.

Бұйрыққа сәйкес, хокимнің ауыл және су шаруашылығы бойынша орынбасары мен оның 5 қызметкері ІІМ аумақтың бөлімдерімен, Бас прокуратура және мемлекеттік салық және кеден комитеттерімен тікелей жұмыс істейтін болады.

Жаңа орынбасарлар туралы жарлықтың орындалуын қадағалау Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияевке тапсырылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364