Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Қоғам 6947 1 пікір 1 Наурыз, 2016 сағат 11:17

ҚАЛҚАМАНДАҒЫ ЖОЛ ҚАШАН ОҢАЛАДЫ?

Қала шетінде орналасқан шағын аудандардағы жол мәселесі ондаған жылдар бойы шешімін таппай келе жатыр. Жылдың төрт мезігілінде жұрттың зықысын шығарған жол мәселесін әйгілі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек мырзаның назарына деп жариялаған екен. Жол жағдай бір адамның ғана емес, тұтас аудандардың өзекті мәселесі екенін ескеріп, әншінің әкімге жазбасын өзгеріссіз жариялап отырмыз.

abai.kz

 

Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек мырзаның назарына!

 

Бұл - Қалқаман-2 ықшам ауданындағы көшелердің біреуінің ғана көрінісі. Қазір Қалқаманда ешқандай көшеде жол жоқ. Бұл Храпуновтың кезінде осындай болатын. Халық өздері жиналып, ақша жинап, əр жылдары баллас төсеп, жөндеген болады. Сонда да арнайы асфальт төселмегесін жылда осындай... Қаланың бұрынғы әкімі Есімовтың да бұған көңіл аударарға шамасы болмады. Шайтан арбаға мініп-мініп кетті де қалды. Онымен қоймай бұл көшелерде алтын бардай бір емес, үш-төрт рет қазылды. Бір рет су тартты. Екінші рет тағы да бұрынғы су құбырын алып тастап, пластмасс құбыр тартты. Үшінші рет канализация деп қазды. Артынан асфальт жаймаса да дұрыстап тегістеп, тас аралас құм болсын сеуіп кетпейді. Арасында жеті-сегіз көшеге асфальт төсеп еді, үш-төрт жылдан кейін оларды тағы қазып тастады. Оның үстіне осы көшелерде жұмыс жасаған мердігерсымақтар жұмысты бітіріп болмайды. Бұл көшелердің осындай халде тұрғанына мен білгелі БАҚАНДАЙ ОН БЕС жыл болды. Бұл көшемен жаяу түгілі көлікпен жүру проблема. Алматыда қысты күні де қара жерге түскен қарыңыз еріп-езіліп жататынын ойласақ, ендеше жыл он екі ай елдің көретін күні - осы.

Құрметті əкім мырза, сізден тек бір күн ғана жұмысыңызға біздің көше арқылы барып қайтуыңызды сұраймын...

Құрметпен көше тұрғындары атынан ҚР еңбек сіңірген қайраткері Шүкіман Еркін

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1124
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743