МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 10 МЫҢ ҮМІТКЕР ТІРКЕЛДІ
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, мәслихат депутатының бір орнына орташа үш адам үміткер боп отыр.
Тіркелген үміткердің 1 592-сі облыс мәслихатына, 121-і Астана қалалық мәслихатына, 130 — Алматы қалалық мәслихатына сайланғысы келеді. 6 862 үміткер аудандық мәслихат депутаттығына таласпақ, 2 120 адам қалалық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелген.
ОСК мәліметінше, тіркелген үміткердің 3 407-сі саяси партиялар атынан түссе, 17 адамды қоғамдық ұйымдар ұсынған. 7 401 үміткер өзін-өзі ұсынған.
Мәслихат депутаттығына үміткер ретінде тіркелгендер бүгіннен бастап үгіттеу жұмыстарын бастайды.
Абай-ақпарат