Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4745 0 пікір 25 Ақпан, 2016 сағат 15:15

ОБАМА СИРИЯДАҒЫ БІТІМГЕ ОПТИМИЗММЕН ҚАРАЙДЫ

АҚШ президенті Барак Обама Сириядағы соғыстың тоқтауына абайлап, бірақ оптимизммен қарайды.

Сәрсенбі күні Вашингтонда журналистер алдында сөйлеген сөзінде, Обама Сирияда қандай да бір прогресс байқалатын болса, онда бес жылға созылған соғыстың аяқталып, саяси өзгерістер болады деп үміттенуге болады деді.

Жоғарғы келіссөз кеңесінің өкілі — Сирияның басты оппозициялық күші келісімге әлі келмеді. Олар Ресей әуе шабуылдарын тоқтатпайды деп қауіптенеді.

Ресей мен АҚШ ұсынған уақытша бітім шартына соғысты жүргізіп жатқан барлық тараптар жұмаға дейін келісулері керек. Келісім 27 ақпан, сенбі күні күшіне енуі тиіс.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2728
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1843