Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4672 0 пікір 19 Шілде, 2016 сағат 16:49

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫН МӘСІМОВ МӘЗ БОЛЫП ОТЫРЫП ӨТКІЗДІ

Бүгін Елордада Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Қажымқанұлының жетекшілік етуімен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.

Мәсімов мырзаның кезекті жиналысына «кабминнің» барлық мүшесі бау-бау баяндама жазып келіпті. Мысалы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова ханым өз баяндамасында еліміздің ауылдық жерлеріндегі жұмыссыздардың саны 38 пайызға жеткенін айтты.

«Ауылдық жерлердегі жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе, орта білім беру мекемелерін (мектептер. -ред) аяқтаған соң, ЖОО түсе алмаған жастардың 28 пайызы жұмыссыздар санын толтыруда. Ал жоғары оқу орындарын бітіре алмаған ауылдық жерлердегі дипломсыз жастардың 50 пайызы түрлі нысандарда өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр», - деді Тамара ханым.

Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі БҒМ мен бірлесе отырып, орта білімі жоқ жастарды компьютерлік сауаттылық курсттарында қайта дайындау туралы методика әзірлеп жатқанын айтты.  

«Алдағы уақытта кәсіби мамандығы жоқ жұмыссыз жастарды арнайы компьютерлік курстарда дайындап, әлеуметтік қызмет түрлерімен қамту туралы методиканы біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып әзірлеудеміз», - деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ, Тамара ханым тізгінін ұстап отырған министрлік жұмыссыздықпен күрестің тағы бір тиімді жолы – ҚР Қарулы күштері құрылымында еңбек батальондарын қайта құру екенін жеткізді.

«Біз ҚР ІІМ мен алдағы уақытта бұл жобаны қарастырмақпыз. Жұмыссыздарды, орта мектептерді бітірген, бірақ, ЖОО-да оқымайтын жастарды әскер қатырына міндеттеу және жұмыссыздарды әскерге қайта шақырту арқылы бұрынғы еңбек батальонын құруды ұсынамыз», - деді Дүйсенова.

Отырыс барысында премьер-министр Кәрім Мәсімов мемлекеттік тілде баяндама жасап, 15 шілдеде Моңғолияда өткен Еуропа және Азия елдері саммитіне сапарын қорытындылады.

Кәрім Мәсімов, ҚР Үкімет басшысы:

- Құрметті Үкімет мүшелері! Мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Моңғолияда өткен Еуропа және Азия елдері саммитіне барып қатыстым. Бұл сапарда мен Моңғолияда тұрып жатқан қандастарымыздың тыныс-тіршілігімен танысып, табиғи апаттан зардап шеккен Баян Өлгей жұртшылығына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдап, Мемлекет басшысымен келістім. Баян Өлгейдегі қандастарымыз біздің бұл бастамамызға ерекше ықыластарын білдірді. Жергілікті xалық қазақстандық делегацияны өте жақсы қарсы алды. Олар гуманитарлық көмек көрсеткен Елбасымызға үлкен алғыстарын айтты. Бұл сапар барысында біз бірқатар екіжақты келісімдерге қол жеткіздік. Соған байланысты мен сіздерге төмендегі тапсырмаларды жүктеймін.

ҚР Мәдениет және спорт министріне, Моңғолия мен Қазақстан арасында мәдени іскерлік байланысты арттыру мақсатында «Қазақстан-Моңғолия» мәдени-гуманитарлық қорын құру туралы және "Алтай - біздің ортақ үйіміз" экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобасын құру туралы ұсыныс қаралсын. Аталған министрлікке Баян Өлгей қаласындағы Мәдениет үйі мен Орталық мұражайды қайта қалпына келтіру (реконструкция) жұмыстарын қолға алуды тапсырамын.

ҚР Инвестиция және даму министрілігі Баян Өлгей – Өскемен, Баян Өлгей – Алматы аралығына қатынайтын әуе рейсін ашу жұмыстарын реттесін.

ҚР Ауылшаруашылық министрілігі Моңғолия тарапымен Семей ет комбинатына ет тасымалдау және мал өнімдерінің кластерін құру шараларын қарастырсын.

ҚР Білім және ғылым министрілігіне Моңғолиядан елмізге келіп ЖОО-да білім алуға ниетті қандастарымызға берілетін квота санын арттыруды тапсырамын.

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Моңғолияның Ұлан Батыр қаласында ҚР Елшілігі ғимаратының құрылысын бастауды және Баян Өлгей қаласында ҚР консулдығын ашуды тапсырмын!

Үкімет отырсын онлайн-форматында өткізген премьер-министр мүмкіндігінше мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысты (өкінішке қарай, біздің елде бұл да жаңалық болып тұр). Баяндамашылар да әдеттегідей қазақ тілінде сөйлеп, содан соң "өздеріне түсінікті" тілге көшіп отырды. Жиынды Мәсімов көңілді леппен өткізді. Тосыннан сұрақ қойып, тосылып қалғандарды бетінен қақпай: "Баяндамаңызда нақты деректер мен сандарды көрсетіңіз, егер ондай болмай жатса, жаныңызға мәселені білетін адамдарды ерте жүріңіз", - деп әзілдеп те қойды. Қысқасы, Үкімет отырысын Мәсімов көтеріңкі көңіл күйде, мәз-мәйрам болып отырып өткізді.

НұрзатТоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508