Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 5591 0 пікір 19 Шілде, 2016 сағат 13:36

ӘЛЕМДІК БАҚ ЕЛІМІЗДЕГІ ТЕРАКТІЛЕРДІ ЖЕР РЕФОРМАСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРДЫ

Кеше Алматы қаласында шетін оқиға болды. Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК ғимараттарына шабуыл жасалып, соның салдарынан үш  полиция өкілі және бейбіт тұрғындар қаза тапты. Тағы алты адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Болған оқиғаға байланысты Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов мырза Алматыға түн ауа келіп, шұғыл брифинг өткізді. Асығыс келіп, асығыс кеткен министр Алматының бірнеше жерінде атыс жасаған жалғыз адам екенін айтты. Үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, тұтқындалған азамат кінәсін толық мойындағанын да министр мырза түнде БАҚ өкілдеріне түсіндіріп кетті.

Әлемнің ең бейбіт қаласында, бейуақта қарулы қақтығыстың кесіренен азаматтар опат болды. Президенттің өзі Алматыдағы атысты «теракті» деп бағалады.

Жалғыз содырдың сойқаны 2 миллиондық Алматыны аяғынан тік тұрғызғаны туралы әлемдік БАҚ-та жазылды. Алматыдағы атыс туралы әлемдік БАҚ не деді? Не бажайлады? «Abai.kz» порталы шолу жасады.

BBC.COM: «Қазақстандағы шабуыл: төрт адамды исламистер өлтірді»


Дүйсенбі күні Алматыда үш полиция қызметкері және тағы бір бейбіт тұрғынды өлтірген қылмыскер исламистік топтың содыры болуы мүмкін. 

Қазақстанның коммерциялық астанасы – Алматыда болған атысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев террористік акті деп бағалады.

Оқиға орнында тұтқындалған 26 жастағы Руслан Күлікбаев бұрын қылмысты болған. Ол Қазақстан түрмесінде жазасын өтеу кезінде ультра-консервативті ислами ұйым өкілдерімен байланысқан.

Қазақстанның қауіпсіздік қызметі осының алдында атысқа қатысы бар деген тағы бір азаматтың іздестіріліп жатқанын айтқанымен, олардың қазіргі пікіріне сүйенсек, атысты тек бір ғана адам жасаған.

Алматыда болған шетін оқиға Ақтөбедегі терактіден тұп-тура 1 ай өткенде қайталанды. Мұнайға бай Қазақстанда соңғы кездері Жер реформасына қарсы халық арасында әлсін-әлсін наразылықтар мен зорлық-зомбылық актілері орын алуда.

THEGUARDIAN.COM: «Қазақстанда содырлардың сойқаны күшейіп келеді»


Алматы қаласында күдікті исламшыл содырлар төрт полиция қызметкері мен бір тұрғынды өлтірген. Соңғы екі ай ішінде Қазақстанның қарулы күштері мен құқық қорғау органдарына жасалып отырған екінші шабуыл. 18 миллионға жуық халқы бар мұнайлы Қазақстанда соңғы кездері исламистік шабуылдар жиі қайталануда. Осыдан бір ай бұрын ИШИМ содырлары Ақтөбе қаласында әскери нысанға шабуыл жасап, 7 адам қаза тапқан.

Қазірге белгілі болғандай, мыңдаған адам Орталық Азиядан Сирия мен Ирактағы ИШИМ содырлары қатарында жүр. ИШИМ жетекшілері содырларға «жиһадты» өз елдерінде жасауға бұйрық берген.

Қазақстан - посткеңестік елдер ішінде ең жоғарғы деңгейде дамушы мемлекет. Алайда әлемдік нарықтағы мұнай бағасының құлдырауы Қазақстанның экономикасына ауыр соққы болып тиген. Қазақстанда сәуір айынан бастап халықтық наразылықтар мен митингтер өтіп келеді. Халықтың наразылығын туғызған екі фактордың бірі – экономикалық дағдарыс болса, екіншісі Мемлекеттің Жер реформасын өзгерту туралы бастамасы.

REUTERS.COM: «Алматыдағы шабуылды жалғыз ғана «бандит» жасаған»

Салафилік ағымға жақындығы бар «бандит», ультра-консервативтік ислам мектебінің жолын ұстанушы адам Алматыда атыс жасап, үш полиция қызметкерін өлтірді. Бұл туралы Қазақстаның ҰҚК өкілі Владимир Жұмақанов мәлімдеді.

Ал Қазақстанның ІІМ Қалмұхамбет Қасымов қылмысты екі адамның жасағанын және күдіктінің іздестіріліп жатқанын хабарлады.

ALJAZEERA.COM: «Радикалды топ өкілі Алматыда атыс жасады»

Үш полиция қызметкері мен бейбіт тұрғын Алматы қаласындағы атыс кезінде қаза тапты. Қазақстанның құзырлы органдары елде антитеррористік операциялардың басталғанын хабарлаған еді. Радикалды топ өкілі қала ішінде полиция өкілдеріне қарсы оқ атқан. Шабуыл қаланың бірнеше нүктесінде қайталанған. Қазіргі таңда бір адам қолға түскен. Және бірнеше полицей ауыр жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген.

Ағылшын тілінен аударған – Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502