Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 26340 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 10:29

СОКРАТТЫҢ БИЛІК, ЕЛ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ АЙТҚАНДАРЫ

Сократ адам баласының табиғатын тануға, адамзат ойының, санасы мен танымының дамуына зор үлес қосқан ежелгі грек ғұламасы. Адам және оның жаны, өмірі, ақыл мен білім, ақиқат деген ұғымдарға, сондай –ақ  қоғам, мемлекет, билік  және  олар  қандай  болуы керек деген сұрақтарға анық  және нақты тұжырымдар берген адам, өзі де адал жүріп, адал өмір сүрген, адамшылық пен өнегелік  үлгісі бола білген жан.

Сократты жанап өткен ғасырда, уақытта және ұрпақта болған емес: У.Шекспир, И.Кант, Жан Жак Руссо мен Л. Толстой, А.Эйнштейн және тағы басқалар Сократ ілімін адам баласының ақыл ойын, сана - сезімін қозғайтын құдыретті ілім, қандай болмасын уақыт пен ғасыр өтпесін адам баласының  қайтып оралып отыратын, адам жаны құлазығанда жаны нәр алатын, рухани дүние екенін айтты. Асыл дана Абайда  өзінің жиырма жетінші қара сөзін Сократқа арнады. 

Қаншама дәуірлер мен ғасырлар өтсе де осы күнге дейін Сократ даналық  үлгісі болып қала береді. Афиндіктер Сократты өлімге кескендерді жер аударды, қазасын көпке дейін қайғырды, дана ойын мойындады, оның шындығына бас иеді, құрметіне қола мүсін орнатады.

Сократ мемлекеттік қызметте жүріп кінәсіз адамдардың өлімге  кесілуіне,  біздің  дәуірден  дейінгі  406 жылы 10 стратегтің және 404 жылы басқару жүйесіндегі 30 тиранның өліміне  ашық қарсы шыққан және Сократтың Пелопен соғысына қатысқаны, оның ерлікпен  шайқасқаны, сондай-ақ  оның өлімі де дана Сократтың  ішкі рухы мен сенімінің  күштілігін көрсетеді.

 Сократ көзқарастарын ол өлгеннен кейін шәкірттері: Платон, Ксенофонт, Аристотель мен  Плутарх және  басқалар адам өміріне және оның санасына қажетті түсініктерді жетілдіре түсті. Олар қазір баршаға мәлім ұғымдар мен түсініктерді алғашқы жеткізгендер деуге негіз бар. Аристотель бұрын грек философиясының бастауында тұрғандар жетіп бақса да Сократты ежелгі грек философиясының  негізін қалаушы деп таныды.

Сократ біздің дәуірге дейінгі 469- 399 жылдары Афинада өмір сүрді. Сократ өмірінің тарихи парақтары осы күнге дейін жұмбақ, алып қашпа сөзге толы, біріншісі, Сократ есімін, оның өлімінен кейін оның шәкірттері  Сократты тым дәріптеп жіберген жоқ па немесе Сократ  бүгінге жеткендей, сондай идеалды адам  болды ма деушілерде аз болған жоқ,  екіншісі, Сократша өмір сүру мүмкін емес деген көзқараста орын алады. Енді біреуі қазірге дейін, әсіресе Кембридж университеті  ғалымдарының зерттеулері  бойынша Сократ  құдайға тіл тигізген адам, ол жасөспірімдерді азғындыққа салғаны үшін заңмен өлім жазасына кесілді, Сократтың іс әрекеті заңсыз, сол кездегі қоғамдық құндылықтарға қайшы, Сократ кінәлі  және ол жала құрбаны емес дейтіндер  де бар. Барша жақсы білетін Сократтың: «Мен ештеңе білмейтінімді білемін, басқалар бұны да білмейді» дегенін бұрып алып, ақылға сыйымсыз, бұл дегенің «Сократтың сандырақтары»  деп жүргендер де жеткілікті еді.  Дегенмен  Сократ есімі өткен  ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де «Бұны Сократ айтып еді» дегендермен мәңгі қала береді.

Сократтың қағидаға айналған көптеген ойлары мен көзқарастары осы күнге,біздерге  ауызша жетті, Сократ философияны өмірді қалай сүру қажеттігі туралы ғылым деп білді. Осы шағын танымдық аударма материал арқылы Сократ айтқандардың қандай қоғамда болмасын, қай жерде болмасын  маңызын ешқашанда жоймайтынын және  әркімге қажет екенін тағы бір көрсету болып табылады.  

Aдам жаны туралы

Сократ:  «ең бастысы  - адамның жаны және оның жан дүниесі», «адамның жаны қандай күйде болса, адам өмірінің игілігі соған байланысты», «адам жан дүниесімен бай»  дегенді қайталаудан жалықпады, Сократ адам  жан дүниесімен ғана танылатыны туралы көп айтты.

Сократ: «адам - өте қиын құбылыс, оның санасы субъективтік дүниелерге толы, бірақ адам – өзін - өзі тани алатын рухани құбылыс»  деп санады. Сократ: «Өзіңді танып біл!», «Өзіңді тану – адамшылыққа  жету көзі, адам бақытының кілті»  - дейді. «Адам өзін бақытты етеді, не  сорлы етеді»,-   дегенді бірінші айтқан Сократ. 

Сократтың  пікірі бойынша, әркім өзінің жанын күтуі қажет, әркім өзінің жанын қорламағаны, былғамағаны дұрыс, өйткені жанын қорлаған, былғағандар  қоғамды  бұзады,  ал атақ - абырой, мансап, дүние - байлық іздегендер  өзінің жанын күйзеліске ұшыратады.  «Адам  жан дүниесі  арқылы құмарлығына тыйым салады, жол бермейді, сөйтіп ізгілік пен қайырымдылыққа толады» деп  айтқан  Сократ еді», –дейді Платон. 

Егер де адам жаны жалған, негізсіз сенімдерге толса жан күйзеліске ұшырайды, ал егер де адам жаны негізді сенімдерге толы болса адам жаны  игілікке толатынын айтады. Сократ: «надандық пен жалған сенімге бару - күнә, бірақ адамның  білместігі мен түсінбестігі  үшін  кінәләудің  қажет жоқ»  деп санайды.     

Білім мен ақыл туралы

Сократ бойынша «толып тұрған білімнің бәрі ақыл емес, білімділердің бәрі ақылды емес».  Сократ:  «білім алу  мақсаты – адамның жетілуіне және игілікті  өмір сүруіне  көмектесу» дейді. Сократ өмірде кедей өмір сүрген және қарапайым тұрған адам, даналыққа үйреткені үшін де, оқытқаны үшін де шәкірттерінен ақы алмады.  Сократ дана«Бір ғана игілік бар  – ол білім, бір ғана  зұлымдық бар  – ол надандық»  деп түсінді,  ал « атаққұмарлық  жамандыққа ұрындырады» деп санаған.

Сократ адамның моралдық, этикалық негіздерінде ақыл мен ар ожданның орны бөлек санайды, ол ақыл мен ар - ожданды  адамның адамгершілік негіздеріне кіргізеді, адам ар - ожданы мен  ақылы арқылы адамшылық қалпын сақтайды, «адам ақылының шыңы  – жақсылық пен жамандықты айыра білуінде»  деп айтқан  Сократ.  Кез - келген адал адам өзінің іс қылығына – осыным дұрыс па немесе бұрыс па дегендермен өлшеуі тиіс, осыным  адамға жасалған игілік пе,  әлде адамға жасалған  қиянат па дегендерді басшылыққа алып, өзіне -өзі сұрақ қою тиіс.

Сократ «ақылды»  және  «ақымақ»  деген түсініктер жіктемесін енгізді,  ол: « ақылы  арқылы адам өзінің  күш жігерін, қайратын, құмарлығы мен әуестігін бағындырады, адамға біткен «табиғи бастауларды»   жетілдіреді,  тұлғаға айналады», «адам бойындағы жүріс- тұрыс, мінез –құлық бәрі де  ақылды болу керек», «ақылды жүріс- тұрыс, ақылды мінез –құлық»(этикалық норма) Сократ бойынша: «адамшылық  жүріс - тұрыс, адамшылық мінез –құлық»  (мораль) тең синонимдер. Сократ бойынша: «ақыл мен адамгершілік әрқашан бірге жүреді».

Атақты философ М.Монтень: «Сократ өзінің де және өзгенің де өмірін табиғат, жаратылыс заңдарымен ұштастыруға тырысты, сондықтан да Сократты  Александр Македонскиймен  салыстыруға болмайды, алғашқысы «әлемді өзінің билігі үшін  бағындырды», ал екіншісі (Сократ) «адамның биікке көтерілуіне, жетілуіне  жол көрсетті», әрине екіншісі  әлдеқайда қиынырақ, терең білімді қажет етеді»  - деп жазады «Тәжірибе» атты еңбегінде.   

 

Ақиқат туралы

Сократ:  «Адам  көптің пікірімен, көптің сөзімен  жүрмеуі керек, шындықпен жүру  керек, әділ өмір сүруі  керек»  дейді. Зұлымдыққа зұлымдықпен жауап берудің қажетті жоқ екенін  айтады, жамандыққа төзуге шақырады. Сократ: «Ақиқатпен өмір сүретін адам ешқашанда жамандыққа ұшырамайды» дейді.

Сократ «Ақиқат -   адам  көзғарастары мен пікірлеріне  қарамастан объективті» санайды. Сократ үнемі  пікірталас  тудыра білген  философ, оның пікірі бойынша пікірталас  мақсаты ақиқатты жоққа шығару емес, адамның  көзсіз сеніп келгендеріне күмән тудыру, ойды, пікірді қалыптастыру және осы арқылы ақиқатты табуға талпыну деп санайды. Сократ: «Ақиқатты тартыс  тудырады,  ақиқатқа ой көмектеседі» дейді.  Сократ қоғамдағы мәселелерді адамдардың  пікір ойын білу арқылы  шешу маңызды екенін шәкірттеріне үнемі қайталап отырды. 

Сократ: «Жалғандық - надандықтан туады, жалған нәрсе адамның ойланбауынан, шындықты іздемеуінен» деп  көрсетті. «Жалған іс,  өтірік  сөз адам жанын жүдетеді, зұлымдыққа итермелейді» деген де  дана ойшыл Сократ.

Мемлекет және билік туралы

Сократ: «Білетіндер ғана билік етуге тиіс» деген аристократиялық принципті ұстанды. «Елді билейтіндер алған білімдерімен  емес, өздерінің  терең өмірлік таным -түсініктеріне сүйеніп мемлекетті басқаруы керек» деп санайды. «Білетіндер ғана  билік етуге тиісті» деген ұғым қандай болмасын саяси формаға қатыстылығын айтты.

Саясаттың практикалық мәселелеріне қатысты биліктің басқару құзыры принципін негіздеді, ал теориялық мәселелерде мемлекеттің толық  рухани -   адамшылық сипаты мен мемлекттің мәнін ашуға тырысты.

Сократ  қандай болмасын мемлекеттік форма негізінде  ең басты заңдылық принципін  алға қойды. Басқару формасына қатысты Сократ патшалық және тираниялық, аристократиялық және олигархиялық, дұрыс демократиялық және дұрыс емес демократиялық деп ара жіктерін  ашты. Алдыңғы патшалық - дұрыс, ал тираниялық -дұрыс емес, аристократиялық дұрыс, ал олигархиялық - дұрыс емес деп қорытты. Соңынан бұл жіктеме Аристотелдің өңдеуінде классикалық сипатқа ие алды. Сократ  мемлекеттің тираниялық (қанаушылық) формасын қатты сынға алды, қарсы болды. Ақылды аристократиялық басқару формасын қолдаушылардың бірі болғандықтан Сократ демократиялық, не болмаса мемлекеттің басқару органы халық жиналысы қызметінің тиімділігіне сене қойған жоқ. Оның өзінің себептері де  бар еді, Афинада енгізілген демократиялық басқарудың саяси қоғамдық тәртіптері  ел азаматтарын  ұрлыққа,  жемқорлыққа итермелейтін және демократиялық басқарудың біліксіздігін байқағаннан кейін туындады.

Жоғарыда айтқандай,  Сократ бірінші болып заңдылық принципін енгізді, ол  өмірінің соңына дейін осы принципті  өзі де ұстанды.Сократтың ойы бойынша Заңдылық дегеніміз –  баршаның мемлекет заңдарына бағыну, ал Еркіндік – адам үшін де, мемлекет үшін де ең басты құндылық санады.  Сократ заң алдында: билеушілер де және  оның қоластындағылар да, барлығы тең болуы керек деп санады.

Платонның «Мемлекет» атты еңбегінен

 (үзінді)

Кефал. Кәрілікте адам бойын тыныштық басады, барлық дүниеден босайды; құмарлығы бәсеңдейді, жоғалады, барлық жағынан Софокл сезіміндей көңіл- күй кешеді,  яғни көптеген құмарлықтан арыламыз. Ал осыған байланысты өкініштісі, Сократ ол  үйдегі қолаңсыздық сияқты -  кәрілік емес, Сократ  - адамшылық  қоймасы.  Кім дұрыс өмір сүрсе, айналасына  мейрімді болса, оған кәрілік ауыр емес. Ал  Сократтай болмаған адамға  жастық та, кәрілік те  қиын.

Сократ. Ақындар өздерінің шығармаларын қалай сүйетіндей,  әкесі  ұлын қалай жақсы көретіндей бай адамдарда өздерінің  жиған -терген  байлығын жақсы көреді, олар да  байлығын мұқтажына қарай жұмсайды, олар да  байлықты өздерінің туындысы көреді,  бұндай адамдармен қарым -  қатынас жасау өте қиын: өйткені олар байлықтан басқаны  көрмейді, байлықтан басқаны білгісі келмейді.

Кефал.  Әрине, дәулетті, бай, күйлі адам болғанға не жетсін, бірақ кез- келген адам үшін пайдалы емес, оның ішінде адал адам үшін тіпті  жақсы емес. 

Сократ. Керемет айтылған, Кефал, енді сен осы әділет дегенге  қатысты айтшы: әділдікті жәй шындық деп санаған дұрыс па, әлде қарыздың берісі ме немесе қандай болмасын әрекет бір мезгілде әділ болуы мүмкін де, ал бір мезетте әділетсіз болуы мүмкін бе? 

Полемарх. ...Бұл достарыңа пайда ету, ал қастарыңа зияндық келтіру өнері саналады. 

Сократ. Бұның қалай сонда, сеніңше, Гомер мен Симонид бойынша әділет дегенің достарыңа пайда ету де, қастарыңа зияндық етуге бағыттылған ұрлық дегің келе ме?  ...Енді осыдан кейін бірімізге біріміз жақсылық істеу керектігін айтудың қажеті бар ма,  егер ол жақсы адам болса оған  жақсылық істеу керек те, ал егер ол жаман адам болса жамандық істеу керек пе?  Яғни, әділ адам  кейбір адамдарға қиянат жасайтыны оған тән қасиет дегің келе ме? Олар егер де  біреуге қиянат жасаған болса адамшылық қасиеттерін  бірден  жояды емес пе? Достым менің, біреуге зияндық жасаған адам міндетті түрде әділетсіз болып шыға келеді емес пе? Ал әділ адамдар әділдік құралы арқылы біреулерге әділетсіздік  жасауы  мүмкін бе? Немесе мүлдем: жақсы адам өзінің адал қасиеттерімен басқаларды керексіз етуі мүмкін дегенің  бе? 

 Фрасимах. Әділет күштіге ғана керек нәрсе. Кез келген мемлекетте билік кімнің қолында болса сол күшті... Өйткені, кез -келген билік өзінің пайдасына заңдарды тудырады: демократия – демократиялық заңдарды, тирания – тираниялық заңдарды, басқалары да осындай жағдайда. Заңдарды орнатқаннан кейін, қол астындағы адамдарға заңдарды  әділ деп жариялайды  –  билікке керектісі және пайдасы  осында, өйткені  заңды  бұзғандарды билік өзі тудырған заңдармен әділдікті бұзғандар ретінде қудалайды. Қадырлі Сократ, мен Сізге мынаны айтқым келеді: барлық мемлекетте  ақиқат деп бір нәрсені айтады, ол -  билікке қажетті шындықты айтады.

Сократ. Егер де мемлекет жақсы адамдардан ғана тұрса, онда  көптеген  жақсы  адамдар ел басқарудан бас тартар еді. Осыдан анық болатыны, өйткені шын мәніндегі билеуші өзіне керектісін емес, халыққа керектісін іздер еді, сондықтанда шама шарқы жеткенінше ойланатындар өзінің біреуге пайда жасағанынан гөрі, өзгелер оған пайда тигізгенін қалайды. Мен Фрасимахтың әділет  күштіге ғана керек дегенімен мүлдем келіспеймін....

 Жаңа ғана туып келе жатқан мемлекетті ойша көз алдымызға елестетейік, әрине оның бойында әділетсіздікте және әділдікте тұнып тұр делік, әркім өздіктерінен қажеттін  қанағаттандыра алмайды, сондықтан адамдар бірі - біріне сүйене отырып, біріне-  бірі көмектесе жүріп өздерінің қажетін біріге отырып  жетеді екен. Қажеттілік мұқтажын көре отырып, өздеріне көмектеседі, өздеріне қол ұшын созады, адамдардың бұндай қажеттілігінен туған бірлестікке, біздіңше мемлекет деген атау алады, солай емес пе?!  Олай болса, басынан бастап, ойша болса да енді мемлекетті құрып көрейікші, одан менің бірінші көретінім, мемлекет деген -  адамдардың қажеттіліктері мен армандары екен....                                                                                                        

Интернет материалдарынан  аударып ұсынған Салауат Кәрім

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520