Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 8781 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 10:21

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ТАҢБАСЫНЫҢ СЫРЫ АШЫЛДЫ

Қырғыздардың «sardar» атты порталында «Шыңғыс ханды қазақ деп жүргендер дилетанттар» дегенді оқыған едім. Қасиетсіз адамның жазғаны ғой, баяғы. Әңгімеміздің басында қасиетті Құран кәрімнің «Маъида» сүресінің 69-шы аятындағы Аллаһтың төменгі сөздерін келтірелік:

«Мүъмин болсын, яһуди болсын, жұлдызға, періштелерге табынушылар болсын, насара болсын, Аллаһқа және қиямет күніне иланатындар болса, ізгілік жасағандар болса, келешегінен кәдік, өткенінен өкініш болмақ емес».

Бұл жерде жұлдызшылар жөнінде де, айтылып тұр. Жұлдызшы дегеніміз қазіргі тілмен айтқанда астролог, космоэнергеттер. Бойларына тылсым дүниеден ақпарат қабылдай алатын адамдар. Егер де, бұндай адамдар шариғат жолында нық жүретін болса, Аллаһқа серіктік жасамайтын болса, онда, бұлардың сезгендерін «шәйтәннің ісі» деуімізге хақымыз жоқ.  Алдыңғы «Шыңғыс қаған Абыз рудың ұрпағы» атты мақаламда мен абыздардың кімдер екендерін айтқан едім. Осыдан кейінгі «Пайғамбарға теңелген Шыңғыс қаған» атты мақаламда мен біздің пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның шыққан тегі қорайыштардың  хузаағ дегендеріндегі  бану калб, яғни, ит елі екендерін жаздым. Осыдан кейін қасиетті Рамазан айында бір үлкен шабыт келіп, «Империя – призрак первоказахов» атты мақалам көкейімнен шықты. Орысша жазғаным, орыстар қазақтардың кімдер екенін білсін дегенім еді.

Мен аян алып құран оқитын болдым, енді міне, аян алып Шыңғыс ханның құпияларын аша бастадым. Ергене қоңды таптым. Кәлиманы дауыстап құлағыма салған, оқитын құранымның әуенін құлағыма естірткен тылсым дүние шәйтәннән болмаса керек. Мен де, бір абыздардың ұрқы едім.  

Сонымен, «Пайғамбарға теңелген Шыңғыс қаған» атты мақаламда айтылғандай, хузаағтар дегендерден қорайыштар Меккеге келіп, джурхум дегендерді қуып жіберіп, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның бабасы Косай қажылықты ең алғаш пайда көзіне айналдырады. Ол кезде Меккеге тасқа табынушылар жиналатын болған. Солардың қажылығын айтамын. Джурхум деген тайпаның атауына  ұқсас тайпаның атауы көне Керейлерде джургин, жырхын, қытай тілінде қият-юркин дегендер болған. Қорайыш дегенді қоралас, кереит пе деп те, болжадық. Арабтағы калб руының қазіргі қазақтағы Қалпе екенін, қазақтардың қалпе деп өте діндәр, ақын адамды айтатындарын да, есімізге алдық. Енді, «бисмиляһи рахмани-р рахим» деп, ұлы сөзді басталық.

Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның өмірбаянын зерттеген еврейлер ол кісінің заманында Аравияда кахиндердің, яғни, ұлы бақсы, көріпкел-көрегендердің қаптап кеткендерін айтады. 362 әулиесі болған Адайлардың біздер абыз рудың, яғни, кахиндердің ұрпақтары екендерін  білеміз. Бекет ата кахин болған. Пайғамбарлардың барлығы да, абыз рулардан шыққан. Сондықтан да, пайғамбарлық қасиеттің өздеріне ғана тән екенін білетін еврейлер, еврей емес адамның ақырғы пайғамбар болғанына таң қалған еді.  Біздер адайлардың «маң+адай» аталып жүрген замандарын да біліп қалдық. Бұл сөзді түйелі адай, не болмаса, маңғаз адай деп түсінуге болады. «Маң» деген сөздің түйенің мәртебелі жүрісіне қатысты екені белгілі. Ал енді, арабтардың шежірелік аңыздарында әлгі хузаағ, калб дегендердің аталары Маада (маңадай?) болған екен. Бұл да, кездейсоқ сәйкестік пе?

Қазіргі де, бүрынғы да, ғалымдар адайлардың көне дай, дах тайпаларының ұрпақтары екендерін айтады. Бұған ешкім де, дау айтып жүрген жоқ. Ал енді, Шыңғыс қаған сияқты европалық бет әлпетті, яғни, ақсары, өңді, жасыл-сұр көзді арийлердің бес тайпасының бірі осы Дахтар еді. Қорайыштарды болса, ғалымдар орысша айтқанда «маадиты», «калбиты» деп айтады. Қазақша айтатын болсақ: маңадайлықтар, калбалықтар, не болмаса, қалпеліктер. Осымен қатар, пайғамбарымыздың руы бану калбтар, яғни, ит ұлдары, ит елі дегенімізді меңзеп тұрған керейдегі кірмелер - Ителіміз тағы бар. Орыстардың біздерді неліктен «калбиты» дегендерін алдыңғы мақаламда түсіндірдім.

Алдыңғы мақаламызда қытай иероглифтерінде «юечжи» деп аталған тайпалардың бірлестігінің гректер айтқан ядийлер, қытайлар айтқан Ядалар екендерін түсіндіріп кеттік. Осы юечжилердің атауын біреулері «ет жейтін ел» деп атаса, біреулері «ай адамдары» дейді. Тоқ етерін айтқанда бұлардың - адайлардың аталары екендері хақ. Қытайлардың деректерінде баяндалған  бұлардың салт дәстүрлерінің, қазіргі қазақтардың салт-дәстүрлерімен дәлме-дәл бірдей екендері айдан анық. Кеңес дәуірінде біздер Наурыз мейрамын білмей жүрген кездерімізде, адайлар бұл мейрамды тойлап, бір-бірімен көрісіп: «Бір жасыңыз құтты болсын!» деп жүрген. Бұл ирандықтардың салты Адайларда қайдан жүр?

Енді арийлерге келелік. Арийлер қазіргі Орал таулары, Жайық өзені, Каспий теңізі өңірлерінде өздерінің бізге белгілі Хайрат мемлекетін құрған. Осы Хайрат мемлекетінде арийлердің пайғамбарлары Заратуштра дүниеге келеді. Бұл атауда Зара дегеніміз – сары, туштра дегеніміз – тәжікше түйе. Демек, бұл пайғамбардың аты «сары түйе» болған. Тағы да, түйе. Бұл жерде сары түйе деп екі өркешті қазақтың түйесі аталып тұр, өйткені, арийлерде бір өркешті түйе болмаған. Орыс ғалымдарының айтқандарында арийлердің бір бөлігі ұлы көш кезінде қазіргі Қытай жеріндегі Синцзян аймағындағы Тарим өзенінің алқабына келіп қоныс тепкен. Бұл өзеннің нақты атауы «тарам» болса керек, өйткені, Махмұд Қашғаридің жазғандарында бұл өзеннің арналары тарам-тарам болғандай. Б.д.д. 176-160 жылдары юечжилер осы Тарим өзенінің алқабынан батысқа қарай қуылады. Б.д.д 135 жылы бұлар Бактрияда көрінеді. Біздің дәуіріміздің 1-30 жылдары юечжилер, яғни, адайлар Кушан мемлекетін құрады. Бұлардың патшалары Герай еді. Кушан мелекеті 5-ші ғасырға дейін өмір сүріп, эфталит-хиондардың, яғни, ақ ғұн атанғандардың басып енуіне ұшырайды. Серікбол Қондыбай юечжи дегендерді үнді тіліндегі джади, яғни, «отшельник», оқшауланғандар деп түсіндіреді. Түрік аңызындағы Киян мен Тоғыздарымыз, Тарим алқабынан кеткен  осы юечжилер-адайлар  болса керек. Қазақ деген сөздің  «оқшауланғандар» дегенді білдіретіні де, айтылды. Осы юечжи-кушан мемлекетін қазақтардың ең алғашқы мемлекеті деп түсінсе болады. Қытай деректері, бұлардың  басқа ғұндардан оқшауланып жүргендерін де, айтады.  Кушан дегенді зертеушілер Kusan деп те, айтады. Меніңше бұл сөздің нақты нұсқасы Косай. Косай дегеніміздің екі ай дегенді білдіріп тұрғанын ойласақ, кейбір зерттеушелірдің осы юечжилерді «ай адамдары» дегендері келісті сияқты. Бұлардың тілдері қазір өлі саналатын индоевропалық тохар тілі болған. Демек, адайлардың да, алғашқы қазақтардың да тілдері алғашында үндіевропалық, үнді-ирандық болған. Осымен қатар, Адай дегенді біздер қазақ этнонимінің синонимі деп танығанымыз дұрыс болар. Осының екі нұсқасы бар. Біріншісі қазғақ, яғни, өз бетімен дегенді білдірсе, екінші нұсқа алдыда айтылатын болады. (кей+сақ). Екі нұсқаның да, адайға қатысы бар.

Егер де, біздер аңыздағы Ергене қоңның Ферғана алқабы екенін білмеген болсақ, онда, Шыңғыс қағанды қазақ болған деп айта алмас едік. Иә, дәл казақ деп, өйткені, юечжилердің тарихынан біздер бұлардың мемлекетінің Түрік қағанатарынан бұрын құрылғанын көреміз. Қазіргі маңғолдар, бабамызды өздеріне тарту үшін «жер жұмағы» Ергене қоң деп, Алтайдағы бір қазан шұңқырды атап алған екен. Масасы қалың, шыбын-шіркей күн көрсетпейтін, жеміс-жидек өспейтін бұл шұңқыр қалайша жер жұмағы бола алады? Бұл мен білмейтін Алтай ма?

Ал енді, бұрынғы атауы тәжік, иран тілінде Иаргана болған Ферғана алқабында аңызда айтылғандай жүзім өседі, жеміс жылына екі өнім береді, найман-байжігіттік Дәулетбай батырдың ұрпағы Жанұзақ жыршының айтқанында, ол жақта мал жылына екі төл береді екен. Ортасынан, аңызда айтылғандай үлкен дария өзен, Сырдария ағып жатқан бұл өңір, аңызда айтылғандай нағыз «жер ұйық» емес пе?

Юечжи-Кушандардың астанасының қай жерде болғанын нақты ешкім айта алмайды, өйткені, олар қала салмаған, ханы да, қарасы да, киіз үйлерде тұрып көшіп-қонып жүрген. Шыңғыс ханның да, қала салуға қарсы болғаны белгілі. Бұлардың қалалары арбаның үстіне қойылған киіз үйлер ретіндегі, көшпелі қалалар болған. Меніңше, бұлардың астанасы осы Ферғана алқабында тұрған. Кушан мемлекетін кейбір зерттеушілер «сағым империя» деп атайды, өйткені, бұл мемлекеттің тарихының құпиясы көп. Сондықтан да, ғылымда бұл тақырып «Кушанская проблема» деп аталады. Бұл абыз елдің тарихын абыз ғана аша алады деп ойлаймын. Наурыз айында жарық көрген мақаламда мен, ежелгі маңғолдар жөнінде айтқанымда: «Бұйыртса, қасиетті Рамазан айында бір хабар келер» деп, аянды меңзеп айтқан едім. Енді міне, Рамазан айының үшінші күні маған Заратуштраның өзі келді, мен оны адай деп ойлап жатыр екенмін. Заратуштраның беті Қағбаға емес, Мединаға қарап тұр екен. Түсінетін адамдар, бұл көріністің жоруын «ескі дін» деп түсінер еді. Мен де, солай түсіндім, өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. бастапқыда бетін Мединаға қаратып намаз оқыған.  Баяғыда Диоген: «Я не сумашедший, просто ум мой, не такой как у Вас» деген екен.

Бірінші айтарым, Ергене қоң табылғаннан кейін, Алтайды аралап осы «жер ұйығын» сол маңнан әлі күнге дейін сандалып іздеп жүрген біздің тарихшы ғалымдарымызға тақырып та табылды. Бұл тарихшылардың ақылдары, аңызда айтылғандай, Қияндардың Алтайдан тым алыс кетіп қалғандарына да, жетпеген еді. Хузаағтарды, калбтарды, қорайыштарды, адайларды, казақтарды, маңғолдарды зерттеген тарихшылардың бірде-біреуі де, олардың тарихын  осы Ферғана аңғарымен байланыстырмаған еді. Тек қана, Серікбол Қондыбай марқұм, осы юечжи-кушандардың тарихының, казақтар мен түріктердің  тарихының ақиқатына апаратынын меңзеп кеткен. Өйткені, ол кісі де абыз, арқалы, қасиетті, жұлдызшы, яғни, астролог болған. Ал енді Заратуштраның дінін европалықтар зороастризм деп, бұл діннің жұлдызға қатысын айтқан. (астра-жұлдыз). Заратуштраның да, Серікбол Қондыбайдың да, жұлдыздарды бақылап отыратын болғандары белгілі.  Серікбол Қондыбай да, әулие Бекет ата сияқты адайдың Мұңалдарынан еді.  

   Қытай деректері осы юечжи-кушан, яда-адайлардың кос аяқты арбаларының болғандарын айтады. Бұны біз «хасағ арба», яғни, казақтың арбасы деп білеміз. Бұл қосаяқты арбалардың алғашында соғыс құралы болғандары белгілі. Ең алғашқы соғысқа арналған  қазақ арбалары қазіргі Қазақстанның территориясын мекендеген арийлерде болған. Арийлерде қазақ арбаларының пайда болған заманы «қаһармандық заман» деп аталады. (героический век). Екінші мыңжылдықтың орта шенінде ұлы көш басталып, арийлер Индия, Иран, Екі өзен аралығына ауа бастады. Тарихта, олардың бір бөлігінің Орта Азияда скифтердің, сақтардың, сарматтардың арасында қалғандары айтылады. Меніңше, «оқшауланды» дегендегі Қияндарымыз, бұл халықтардан оқшауланып Ергене қоңға бекініп қалған арийлердің бір бөлігі. Өйткені, қытай деректері, эфталит-хиондардың, юечжи-кушандардың басқа ғұндармен араласпай жүргендерін айтады. Эфталиттерді «ақ ғұндар» деп атағандары да, олардың арийлер сияқты ақсары (жирен емес) түсті болғандарын айтып тұрғандай. Ал енді, қазба жұмыстарынан кушандардың европоидтар екендері анықталды. Меніңше, эфталит-хиондар да, юечжи-кушандар да, бір-бірімен қырылысап жатса да, екеуі де бір халық – арийлер болғандай. Ғұн-түріктерге жауланғаннан кейін, бұлардың бет-әлпеттерінің антропологиялық типі монголоидтық болып кеткен. Орыстар да: «монолоидности им добавили гунно-тюрки» дейді. Осыдан біздер, қазақтың бөлек, түріктің бөлек болғандарын көреміз. Эрегене қоң дастанының негізінде, және де Рашиденнің айтқандарының түбінде, Орта Азияда қалып қалған арий-қазақтардың тарихының жатқанына менің ешбір күмәнім жоқ. Енді, осы айтқанымның дәлелдерін келтірелік.

    Жалғыз ғана Көк Тәңіріне табынушылық Шыңғыс ханның маңғолдарына арийлерден келген наным-сенім. Қытай деректеріндегі Ядалар да, Көкке табынып, арийлер сияқты отты қасиетті санаған. Арийлердің замандарынан қалған Оңтүстік Қазақстандағы Арпаөзен маңынан табылған тастағы суретте қосаяқ арбалардың қасында жүгіріп келе жатқан қазақтардың тазылары мен төбеттерінің силуеттері білінеді. Қазақтар сол заманның өзінде төбеттерінің құлақтарын кесіп тастайтын болған екен. Арбаға айғырларды жегеді екен.

     Арийлер екі топқа – абыздар және малшы-жауынгерлер болып бөлінетін болған. Серікбол Қондыбай «отшельник» деген сөздің джади екенін, бұл сөздің үнді тілінен қалғанын дұрыс айтқан. Арийлердің тілдері үндіевропалық тілдер қатарына жатқан. Ақырында дай, дах, джади дегендеріміз Адай болып реконструкцияға түскен.

    Ұлы жүздегі қаңлылар да, Ергене қоңнан шыққан тайпа. Қаңлы дегеніміздің арбалы дегенді білдіретіні белгілі. Рашиден қаңлыларды оғыздарға, яғни, түріктерге жатқызбаған. Арийлердің қасиетті кітәбі Авестада Кангха деген тауда орналасқан  қамал аталады. («Қарақан тауда қамалым». Алпамыс жыры). Орыстың белді түркітанушысы С.Г. Кляшторный қаңлылардың ертеде көшіп-қонып жүрген жерлерін, кытайдың елші-барлаушысы Жан Чиаңның айтқандары бойынша талдай келе: «Все исследователи Кангюйской проблемы исходят так же из положения, незыблемость которого не подвергалась сомнению – о тождестве Кангюя Чжан Цяня с Кангхой Авесты» деген еді. Демек, бұл жерде Кляшторный қаңлылардың Ферғана алқабы мен арийлерге қатысы барын айтып тұр. «Оғыз-намада» біздер арбаны тек қаңлылардан ғана көреміз, түріктер арбаны білмеген, яғни, олардың өркениеті қаңлылардан төмен болған. Орыстың енді бір зерттеушісі Толстов Авестадағы Кангхаларды діни ұстаз, пайғамбар Заратуштраның өмір сүрген аймағы Хорезммен байланыстырған. Қазақ тарихшысы Әйтім Абдрахманов «Қазақстан этнотопонимикасы» атты ғылыми кітәбінде: «Ертедегі Каңқа (Кангхка. авест. Қ.З.) мен Кангюйдің көне территориясы жөнінде мұндай ғылыми пікір таласы болғанымен, олардың қаңлыларға қатысы бар екеніне ешбір шүбә жоқ. Бұл жағдайды Толстов жақсы дәлелдеп берді» деп жазады.

   Иакинф әкей болса Қаңлылар жөнінде айтқанында: «в обыкновениях сходствуют с большими юечжи (адай. Қ.З.) и на востоке терпят притеснения гунов» дейді. Яғни, қазақ арбалылардың ғұндардан бөлек екендерін айтады. Ғұндардан бөлек дегеніміз, түріктен де бөлек дегенді білдіреді. Ал енді, қаңлылардың: «Қазақ болмағанда қаңлы болған» деп айтатындары, олардың қазақ деген атаудың дүниеге келмей тұрғандарында, яғни, оқшауланбай жүрген кездерінде «қаһарман заманның» арийлері болғандарын білдіріп тұрғандай. Осымен қатар, Иакинф әкей қаңлылардың Ұлы көл маңындағы Яньцайлармен де, ұқсастықтарын айтады. Ұлы көл дегені Каспий теңізі де, Яньцай дегеніміз қытайша айтылған Ядай-адай. Қаңлылар қазақ хандығы тұсында көшіп-қонып жүрген жерлеріне қатысты Ұлы жүзге жазылып кеткен. Анығында, қаңлылар үйсінге де, түрікке де, қатыстары жоқ өте текті халық. Қазақта: «Келелі елде Қаңлы бар, қаңлыны хан көтер», Қаңлыдан өзге хан болмас», «Қаңлы келмей хан сайланбайды» деген сөздер бар. Мен өз басым, наймандардың ақсақалдарының аға сұлтан Бұтабай мен Мырзақан болыстардың жиен ұрпағы, атадан Қаңлы Нұрғали Дүкенбайұлы марқұмға: «Сен отырған жерде, ханның өзі бата бере алмайды» дегендерін естіген едім. Әрине, бұл жерде оның мықты болған нағашы жұрты емес, өз жұрты Каңлы айтылып тұр. Қытай деректері Қаңлылардың ханының юечжилердің Уын тайпасынан болғанын айтады. Ал енді, жапон ғалымы Сиратори қаңлылардың ғұндардан жеңіліп батысқа, яғни, Ферғана жаққа шегініп кеткендерін айтады. Серікбол болса, қаңлылардың бастапқы атауларының қаңғ, қоңғ, қиянғ болуы мүмкін екенін айтқан еді. Ергене қоңға кеткендер - қазір өлі саналатын үндіевропалық топтағы тохар тілінде сөйлеген қаңлылар (арбалылар) болса керек. (қазақ аталмай тұрғанда). Сондықтан да, аңызда Қиян мен Тоғыз аталады. Тоғыз дегендері тоқыс, тоқа, тоқыр, тохар. Қазба жұмыстарында тохарлардың жерленген  жерінен, түбінде Боданжардың қаршыға таңбасы (свастика) басылған ыдыс табылған. Қаңлылардың ергенеқоңдықтар екендеріне ешбір күмән жоқ.

   Осман империясын құрғандардың қаңлылар екендері белгілі, сондықтан болар, Түркияның көзі ашық премьер-министрінің өздерін қазақтарға жатқызып жүргені. Бұларды түріктер деп қателесіп атаған. Түрік дегеніміз бар болғаны үйсін-дулат Ұлы жүз. Орта жүз бен Кіші жүз арғықазақ-арийлер. Тарихта: «Ұлы жүз қазақ халқының екінші бұтағы» деп айтылады. 1555-жылы моғолстандықтар болып жүрген бұларды қазақтарға Хақназар хан қосып алған. Сондықтан да, Ұлы жүзді кейде Абақ-тарақ деп те, айтады. Абақ дегені бұлардың  түрік екенін білдіріп тұрса, Тарақ деп, соларға бас болсын деп, бабаларымыз ноқта ағасы ретінде қойған жалайырды шеттетіп айтқандары. Түрік қағанаттарын да, құрған, қазақтарды жаулап алған да, осылар. Дулат дегеніміз түріктің атасы На-дулу, одан Ашина атанған Асан-шад, одан Туу, одан Түрік қағанатын құрушы Бумын қаған. Қазіргі түріктер болса, ғұн-түрік әлемінен оқшауланып кетіп, европоидтік ақсары, өңді бет-әлпеттерін сақтап қалған арийлік сары қаңлылар.  

    Сіздерге пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның тарихында қазаққа қатысты көптеген нұсқалардың бар екенін жүрегіңізбен қабылдау үшін, ол кісінің,  Аллаһтың қалауымен ақырғы пайғамбар ретінде таңдалып алынған арья нәсілінен болғанын түсінуіңіз керек. Және де, осыған сенімді болуыңыз үшін, машайықтай болған Шыңғыс ханның да арий екенін мойындап, оның Иса пайғамбардан кейін екінші мыңжыдықтың ең ұлы адамы аталғанын да, Аллаһтың қалауымен болғанын түсінуіңіз керек. Шыңғыс қағанды шошқа жегіз Мен-у шивейлерге жатқызып жүргендерді мен рухани байлықтан жұрдай болған, маймылдан да, санасы төмендерге жатқызамын. Ергене қоңдықтар Түрік қағанаттарынан кейін Телес бірлестігінде Қытай қабырғасының маңынан шыға келеді. Телес дегеніміз де, жужандар атаған арбалылар. Орыстың телега сөзі осы арбалы Телестерге қатысты айтылып қалған. Бұлардың ішінде қоңырат-қият та, аде-едиз (адай-таз) де, болған. Осы Телестерден сегіз тайпа бөлектеніп Найман мемлекетін құрған. Ол кезде адайлардың бір тобы осы мемлекеттің құрамында болған. Сондықтан да, найман шежіресінде өкпелесіп Кіші жүзге кетіп қалды деген Адайлардың шежірелік атасы Елтай аталады. Найман шежіресінде Адайлардың талай-талай іздері қалған. Бірнен бірі көшіріп алып шежіре жазғыштар көбейіп кетсе де, араларында дала ауыз тарихының дерек беруіндегі шежірелік тәсілді түсінетін қазақта бір-екі адам ғана бар. Шежіредегі «жасырын мағынаны» түсіну үшін қасиет керек.   Қасиетсіздер шежірені тани алмайды.

    Орыстар Шыңғыс ханның нақты тегін жақсы білген, алай да, олардың шовинистері өздеріне бодан болып қалған қазақтардың кезінде өздерін жаулап алып, мемлекеттерін құрып бергендерін мойындағылары келмейді. Осы шовинистердің ақылымен кешегі Мен-у шивейлер ержүрек маңғолдар болып шыға келді. Коммунистерге Маңғолияны 16-шы республикаға айналдырып жіберуі боқтан оңай еді, алай да, олар халха-маңғолдарға Шыңғыс ханды беріп қойып, қазақтардан аулақ ұстауды ойлады. Басты қателік, бәлкім әдейі жасалған, орыс пен қытай тарихшыларының Мен-у шивейлер жөніндегі 945 жылғы деректі, маңғолдар жөніндегі ең алғашқы дерек дегендерінен кеткен. Енді, қазақтардың арийлер екендерінің дәлелін келтіру үшін, олардың ең алғашқы діни наным-сенімі - зороастризмді айталық.

    Ежелгі гректердің ең жоғарғы құдайы Зевс (деус-құдай) пен ирандықтардың Дайвалары жалпы индоевропалық ұғым - «Көк аспан» дегенге апарады. Яғни, Дайва, Зевс дегендері біздің бабаларымыз айтып жүрген Көк Тәңіріміз. Қазақтың құдай дегені ирандықтарда патша дегенді білдіреді. Шумерліктердің заманында патшалар құдайға, яғни, тәңірге саналған. Адайлар: «Танысаң адаймын, танымасаң құдаймын!» деп бекер айтпаған. Қазақтың Жаратушы дегені Заратуштраға ұйқас болып тұр. Заратуштра арийлік болған, және де оның уағыздаған діні де, арийлердің діні болған. Авеста да, Аллаһ тағаланың уахиі болып, 12000 сиырдың терісіне алтын жазулармен жазылған болған. Көне арийлер жоғарғы сатыдағы үш өркениеттерді құрған. Солардың бірі, Туран-скиф өркениетіне жататын болса керек, Юечжи-кушан империясы еді. Арийлердің пайғамбарлары  Жаратушыдан уахи алып қана қоймай, онымен әңгімелесетін де, болған. Шыңғыс ханның да, Көк Тәңірімен кеңесе алатындығы болғаны айтылады. Оның қасындағы Көкше бақсы да, сондай болған. Зороастризмде Құдай ең жоғарғы Абсолют болған, ал енді, кішкене құдайшалардың пантеоны дегендері, анығында, періштелер, не болмаса, суды, жерді, малды қорғайтын иелер болғандай. Уахиларды Заратуштра Ахура-Мазда атаған Абсолюттен алатын болған. Меніңше, Көк Тәңірлік наным-сенімнің негізінде зороастризм жатыр. Қазіргі қазақтардың «ахырет күні» дегендері осы зороастралық құдай Ахураға қатысты айтылып қалған. Яғни, Ахураның алдына бару күні дегенді білдіреді. Осымен қатар, «ақырзаман» дегеніміз де, Ахураның келер заманын айтып тұрғандай. Зороастризмде де, ахырет күні мен қайта тірілу жөнінде айтылады. Зороастризмде бір тәулік беске бөлінеді, қазіргі біздің бес уақыт намазымыздың кездеріндей. Арийлерде бесін кезі сағат үшке дейін болған, біздер бесін намазын  үшке дейін оқи аламыз. Зороастризмді арийлер «ден» деп атаса, біздер жалпы сенімді «дін» деп атаймыз.

    Арийлер де, қазақтар сияқты малды соярында одан кешірім сұрайтын болған. Бұлардың ритуалды ыдыс-аяқтары тек қана ағаштан болған. Қазақтарда да, мәселен, ең бай деген Құнанбай, Абайларда ыдыс-аяқ тек қана ағаштан болған, алтын мен күмістен де, ұстай алғандарында. Қымызды тек ағаш тостағандармен ішетін болған. Арийлерде ит жануары қасиетті саналса, біздер, итті жеті қазынаның біріне енгіздік, Ислам діні итті нәжіс десе де. Бұл атадан келе жатқан хабар еді. Және де, арийлер де, қазақтар сияқты Тазы итті үйлерінде ұстап, солармен бірге ас ішкен. Тазыларды олар «дужака» деп атаған. Тазы дегеніміз осы дужаканың реконструкциясы. Арийлер оларды «тұмсығы өткір аңшы ит» деп те, атаған. (остромордая охотничая. авест.) Тазыны өлтіргендер тоғыз атаға дейін қарғысқа ұшырайтын болған. Олар тіпті құтырған итті де, өлтірмеген. Атасы ит, шешесі бөрі күшікті де, өлтірмеген,  тек, атасы қасқыр, шешесі ит күшікті ғана өлтіретін болған. Бөрі болса, жаудың жауы саналған. Сондықтан да, бөрі текті түрік те, арий мен қазаққа жау саналған. (туран). Ал енді, Лубсан Данзан болса, «Алтын дәптерде» Шыңғыс ханның бабасы Боданжарды көк бөріден емес, арийлер адамнан кейінгі әулиеге жатқызған сары итттен таптырады. Демек, Тілеуберді айтқандай Ұлы ханның шежіресін Лубсан Данзан бұрмаласа, арий-қазақтардың пайдасына бұрмалаған. Сондықтан да, қазақ шежірешілері Боданжардың ұрпақтарын «ару ұрық», яғни, «арий ұрық» дейді.

    Арийлер шәйтәнді «дэв» десе, қазақтар осыған ұйқас «дию» дейді. Ауаны арийлер осыған ұйқас «вайа» деп атаған. Үш басты құбыжықты арийлер Ажи-Даха десе, қазақтар аждаһа, айдаһар деп атайды. Арийлердің мал иесі Воху-Манаға қатысты, қазақтарда «бағу» деген сөз қалыптасқан. Кейде мал иесі Во-ху-ча деп аталғандығынан, қазақта «бақташы» деген сөз пайда болған.   Авестадағы Арианам-Вайджа, яғни, арий кеңістігі қазақшада осыған ұйқас  Байсын деп аталады. (Жиделі-Байсын). 

    Тасбақа арийлерде қасиетті рухты өлтіретін арам рухқа саналған. Оны арийлер Заиримиянура деп атаса, осыған қатысты қазақта оңбаған адамды атайтын Зымиян деген сөз қалған. Арийлер де, қазақтар сияқты қарт адамды қастерлеп, отты қасиет санаған. Қазақта ақсақал дегеніміз әулиеге тең де, от дегеніміз ошақ, үлкен қасиет. Қазақтардың бәле-ғаланы отпен аластау үрдісі арийлерден қалған.  Арийлерде Нұх пайғамбардың ролін Ием атқарады. Алай да, бұл Ием кеме емес, үлкен саман үй салып, сол үйге жан-жануарларды пар-парымен, таудың қарының еріген суларынан сақтап қалу үшін сонда қамайды. Ол үйді Вара деп атайды. Міне, осы Вараның ішінде Каршипта деген құс Ахураның дінін тарататын болған. Бұл құс қазақтарда Қаршыға. Ұлы ханның бабасы Боданжар  қаршығаны баптап ұстап, біздер свастика деп білетін «қаршыға» таңбасын алады. Бұл таңба арийлердің таңбасы еді. Жауыз Гитлер қолданды екен деп, бұл таңбадан жиіркенетін ештеңе жоқ, Заратуштраның Европаға қатысы жоқ. Осы жөнінде белгиялық ғалым Жак Дюшен Гиймен: «Азия ұлдарынан ең бірінші қылып европалықтар Заратуштраны иемденіп алды. Будда мен Конфуцийдің дауыстары Европаға жеткенше ұзақ уақыт керек болды, сондықтан да, ғасырлар бойы тек Заратуштра ғана Батыста көнеазиялық даналықты көрсете алды» деген еді.

   Енді, Заратуштраның қан-қарындастық жөніндегі өсиетіне келелік. Бұл жердегі әңгіме туыс-қандастықты неке туралы айтылады. (кровно-родственный брак). Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. арий болғандығынан өзінің қызы Фатима анамызды өзінің інісіне берген болса керек. Қазіргі төрелер мен адайлар да, арийлер сияқты туыс-қандастық некеде болады. Арийлердің жиырма белгісінің бірі, тіпті, аңдаусыз (подсознательно) болса да, еврейлерді жақтырмау болып келеді. Өйткені, зороастризмде де, Ислам дінінде де, қызтекелік (педерастия) кешірілмес күнә болып саналады.  Арийлер қызтекелікті жақтырмағандары соншалықты, тіпті, олар мүмкін болса, осындай халыққа зұлмат жасағанға дейін барған. Сондықтан да, олар қандарына осындай халықтардың қандары араласып кетпесін деп, туыс-қандастық некені ұстанған. Сондықтан Авестада: «Егер де, о Заратуштра, кімде-кім өзінің ата-анасының қасиетті ұрығына, ібліске ерген халықтың ұрығын араластыратын болса, онда, оларды жылыстаған жыланды, бұқпантайлап келе жатқан бөріні өлтіргендей өлтіру керек» делінген.

   Осымен қатар, пайғамбарымыздың ұрпақтары деген қожалар да, басқадан қыз алып, қыз бермеген. Қожалардағы бұл үрдіс арийлерден қалмағанда, кімдерден қалды? Әрине, бұл жерде сенің өзіңнің туған қарындасыңды алу керектігі айтылып тұрған жоқ, тек, арийлердің өзара некелесулері керек екендері айтылып тұр. Ал енді, қазақтардың «жеті аталық» дәстүрін ең алғаш, емші болған Өтей-Бойдақтың ақылымен Жәнібек хан енгізген. Жеті ата заңы бойынша сен өзіңнің бабаңның сегізінші ұрпағына ғана үйленуге хақың бар. Ал енді, шын мәніне келгенде, бір бабаның сегізінші ұрпағы болса да, ол сенің бір қандас қарындасың емес пе? Олай болса, онда, «жеті ата» заңы да, реконструкцияға түскен, төрелер мен адайлардың  осы күнге дейін ұстанатын арийлердің туыс-қандастық некесі. Ал енді, басқа қазақ не болды? Белгілі жазушы Григорий Климовтың айтуынша, етті көп жейтін халықтың қанында  қызтекелік болмайды екен. Юечжи-адайларды кейбір зерттеушілер «ет жейтін халық» дегендерін айттық. Қазақтың атақты бешбармағына қарағанда, қазақтар әлемде етті ең көп жейтін халық болып келеді. Аллаһу акбар!

    Жоғарыда, Шыңғыс ханның арий типтес бет-әлпетінің, көзінің жасыл-сұр  болғаны айтылды. Мен арий типтес таза адайларды да, көрген едім. Қыздары ұзын бойлы, дене бітімі келісімді, ақсары шашты, беттері ешқашан да, күн шалмайтын аққұба, жасыл сұр көзді келеді. Шолпылары сыңғырлап жұріп келе жатқандарында суда жүзіп келе жатқан аққудай болып көрінеді.  Арийлер сияқты көзге тартымды да, кішіпейіл, таңғажайып адамдар.

    Қазақтардың ару дегендерінің арийлерге қатысы бар.  Арийлердің нақты атаулары – Арья. Олардың ең басты қасиеттері иман, ұят. Сондықтан да, қазақтар ұят дегенді арийлердің атауымен – Ар деп атайды. Арийлер өздерінің жауларымен де, келісімдерін бұзбаған халық еді. Қазақтың Арыс дегені - ариец дегені. Аң патшасы арыстан деп те, бекер аталмаған. Бабаларымыздың үш жүзді, яғни, күллі қазақты  Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп атағандары арийлерді аңғартады. Арийлерде рубасы, ұлы бақсы Кави деп аталған. Кави дегеніміз ақын-көріпкел дегенді білдіреді. Кавидің аудармасы «сезу», сондықтан қазақтың «қабылдау» деген сөзі осы кавилерге (қабы) қатысты айтылып қалған. Яғни, тылсым күштің хабарын қабылдау. Бұл қасиеттің тұқым қуалайтыны белгілі. Мысалы, Заратуштраға көмек көрсеткен арийлердің патшасын Кави Виштаспа деп атаған. Қызықтың көкесі осы Кавиде жатыр. Тарихта осы Кави Виштаспа кеянид тұқымынан деп айтылады, өйткені, тарихи деректерде Кави дегеніміз Кей деп айтылған.

   Алдымен таңба жөнінде бір сөз. Менің адайлардың бірнеше таңбасы болған деп айтқаныма бір нақұрыс адай коммент жазып: «елді шатастырмаңыз, адайлардың бір ғана таңбасы бар» деп көкіген еді. Сәрсен Аманжолов, Арғынбаевтардың деректерінде «тіл», «жебе», найманның «жеңіс» таңбасынан басқа адайларда шеңберге құйрығымен шаншылған тағы бір шеңбер-жебе таңбасы бар. Жебесі оңға қарай қисайған. Бұны «адай-көне» таңбасы делік.

    Мен алдыңғы жазғандарымда бүкіл Алшыннның түбі адай деген едім. Кеянид дегеніміз Қиян дегенді еске салып тұр, бұл бір. Екінші, күллі Кеянидтердің таңбасы... Шыңғыс қағанның үш аша таңбасы. Және де, мен айтқандай құйрықты таңба. Кеянидтердің шежіресінде үш аша таңбасынан кейін қораластардың таңбасы тұр. Қоралас дулатқа кірме, түбі қоңырат, яғни, ергенқоңдық. Боданжардың анасы қораластың қызы еді. Ары қарай, таңбасымен Кей Алибех - адай-көне, Кей Ареш (жарас-байбақты) адай-көне, Кей Бьярш (беріш) адай-көне, Кей Горовато (қаратоқай-беріш) адай-көне, Кей Кават (Кейқуат) адай-көне, Кей Пешенег (бес он оқ дегендері шатпырақ, дулат емес) адай-көне, Кей Сияуш адай-көне, Кей Усан (асан-таз) адай-көне, Кей Хосрау адай-көне, Кей Вышень (Үсен), бұл жоғарғы Виштаспа. («кеяниды полулегендарная династия»). Осыдан кейін он екінші болып қораластың таңбасымен «кеянидка» деп жазылып тұр. Демек, арийлердің ғұлама көріпкелдері қораластың қызынан машайықтай болған Ұлы ханның дүниеге келерін білген! Демек, Шыңғыс қаған атадан да, анадан да, - арийлік.

    Ал енді, осы шежіреде Кеянидтердікімен бірдей болып  арийлердің (род арий) басты таңбасы - Шыңғыс ханның таңбасы болып тұр. Демек, Шыңғыс ханның  бөржігін әулетін құрған бабасы Боданжардың қаршыға таңбасын алмай, арийлердің таңбасын алғаны, оның өзінің арий екенін білгенін аңғартады. Қаршыға таңба шын мәнінде таңба емес, символ.

    Енді, мынаны айталық. Мен бала кезімнен ғұлама атанған найманның ойшыл шежірешісі Ғұлам Қадырдың  аузынан жалайыр дегеніміздің таңбаның атауы екенін білген едім. Қазба жұмыстарында табылған Кушан мемлекетінің алтын динарында кушан патшасы, түбіне аттың жалы байланған үш аша айырды қолында ұстап тұр. Демек, Шыңғыс ханның құйрықты, тарақ, тіл, арқар деп жүрген таңбасы анығында жалайыр таңба болған. Және де, бұл таңба ең алғашқы казақ мемлекетінің таңбасы болған. Бұл абыз-арийлердің таңбасы. Кейінгі қазақ бақсыларының аса таяқтарында аттың жалы байланатыны белгілі. Бұл арийлердің белгісі. Бұл таңбаны тарақ деп, қазіргі жалайырдың орнына келген халық өздері ойларынан шығарып алған. Алай да, бұл жағдай Шыңғыс ханның жалайыр болғанын емес, нағыз жалайырлардың түбінің арий-адай болғанын білдіріп тұр. Өткендегі мақаламда мен, Мұқалының адай болғанын шежіре дәлелімен айтқан едім. Мұқалы, қытай деректерінің айтуынша, өте мәдениетті адам болған. Қазіргі жалайырда таза арий – пайғамбарымыздың Калпе руынан шыққан, ең жоғарғы сатыдағы мемлекеттік қайраткер  Қасымжомарт Тоқаев қана.

    Кей дегенді кайы деп те атайды. Армян тарихшысы Петросян Осман империясын құрған кайы тайпасы екенін айтса, Шәкәрім қажы Қайыханды айтады. Ал енді, Түркияның тарихшысы Зәки Уәлиди Тоған, француз К. Дюссон, орыс зерттеушісі Н. Аристов Осман империясын құрғандардың Қаңлылар екендерін дәлелдеп берген. Кей де, Кайы да, Кави де, бір Қаңлы. Селжүктердің Алааддин Кейкубад, Гияседдин Кейхосров деген сұлтандары болған. Кейкубад 13-ші ғасырда қаңлыларға көмек берген. Бұлар жоғарыда айтылған Кей Кават пен Кей Хосроудың ұрпақтары. Төрелер Хосроуды білген. Мысалы, найман Сопы мырза Араб-Мұхамед ханды өлтіріп оның орнына қоймақшы болған сұлтанның аты Хысрауғазы еді. Қазақ мифологиясындағы Кейқуатымыз да, осы Кей Кават. Арийлерде Кей Кават пен Вишень (Виштаспа) «құтқраушылар» болса, қазақ мифологиясында да, Кейқуат пен Үсен (Вишень) құтқарушылар. Ең бастысы Кеянид дегеніміз көне түркі тілінде кейут, кейят болады. (Кей әулеті). Қият дегеніміз міне осы. Қиян мен Қияттың екеуінің бір мағына екені талай жерде айтылған. Қазақтардың атауы Кей+сақ деген екі атаудың қосындысынан болды деушілер де бар. Сондықтан да, орыстар біздерді кайсак деп атаған дейді. Ертедегі қазақтың жыр-толғауларынан біздер бабаларымыздың арийлер сияқты өте текті болғандарын көреміз. Мәселен, «Арыстанның белгісі, айналып кетсең артынан, ақырмайды деуші еді!».

   Серікбол сияқты жұлдызшы, яғни, астролог, тарихшы және ғалым, Кәрім Мәсімовтың көріпкелі деген Павел Глоба арийлер жөнінде айтқанда былай деген еді:

    «Арий принесли на землю морально-этический Закон космоса положенный в основу устройства мира. Именно поэтому учение ариев с полным правом может считаться проматерью всех религий как и исчезнувших, так и действующих».

    Осыдан сіздер, Аллаһ тағаланың ақырғы пайғамбар ретінде біздің Мұхаммед с.ғ.с.-ді неге таңдағанын түсіндіңіздер деймін. Еврейлер арийлердің тырнағына да тұрмайды. Арийлер жөнінде орыстар: Они были благородны даже в войне» деген екен. Авестада, елбасы арий болмаса, шайтанның сол жерде екені айтылған екен. Қазақтар үшін жердің сакральды ұғым болғаны арийлерден қалған. Арийлер жерді, отты, суды қасиетті санап, бұл үшеуіне қиянат жасамған. Ал енді, Исламда Аллаһ тағала топырақты халал еткен. Сондықтан да, жерді сатамын деген адамды арий емес, яғни, қазақ емес деп түсінуіміз керек.

     Ислам діні Аллаһтың өзі реттеген зороастризмнің жалғасы. Ислам дінін зерттеушілер, пайғамбарға теңелген кахиндердің, яғни, ұлы бақсылардың, абыздардың екі жүз жыл бұрын біздің пайғамбарымыздың дүниеге келетінін айтып берген дейді. Мен болсам, пайғамбарымыздың дүниеге келетінін ең алғаш, сары түйе Заратуштра айтқан деп білемін. Ол былай деген:

   «Сендер мені ұмытқанда, мен сендерге қайтып келемін. Сол кезде мен жоғалтқан үмбетімді ақиқи, басқа көзбен іздейтін боламын, басқа сезіммен сендерді жақсы көретін боламын».

    Бұл жерде Заратуштра дәл өзінің қайтып келетінін айтып тұрған жоқ, күндердің бір күндерінде пайғамбар болып тағы да бір арийліктің дүниеге келетінін айтып тұр. «Басқа көзбен» дегенінде, сол пайғамбардың жақсы ойды, жақсы сөзді, жақсы іс-амалды құптайтын жаңарған дінді уағыздайтынын айтып тұр. Қайта қайтқан дінде, зороастризмде, және де, басқа діндерде  болмаған мәңгілік ақиқатты түсінетінімізді айтып тұр. Ол ақиқат - Аллаһ жалғыз. «Басқа сезіммен жақсы көретін боламын» дегенінде, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.-ның үмбеті үшін алты жасар ұлын құрбан қылғанын айтып тұр.

    Аллаһтың 99 көркем аты бар екені белгілі. Аллаһ тағала өзінің жүзінші атын Құран кәрімнің ішіне жасырған дейді. Исламның ғұламалары бұл есімді Ясин бе деп жорамалдайды. «Ясин» сүресі құранның жүрегі деп айтылады. Ясин деген сөздің мағынасын бір Аллаһ қана біледі дейді. Ал енді, Аллаһ тағаланың қалауы болса, онда ол, бұл сөздің мағынасын біреуге білдірмес пе еді?  

    Авестада Ясинге ұқсас «Ясна» сүресі бар. Бұл сөз «ғибадат ету» дегенді білдіреді екен. Екі діндегі сүрелер, екеуі де, ең күшті сүрелер. Меніңше, ғибадат ету дегеніміз ең алдымен – Намаз. Біз намазда тұрғанда тек қана Аллаһты ойлап тұрамыз. Олай болса, Ясин дегеніміз Намаз, расында да, Аллаһтың жүзінші көркем есімі болса керек. Қандай көркем есім, Ясин!

Әй қазақ бауырым, Ясинді жатта! Сенің әкең сенен басқа ешкімге де, керек жоқ. Қалқайып алдыңды жүрсе де, сенің асқар таудай қорғаның. Ертең әкең көзін жұмғанда молдаға бір қой бере салып қарызымынан құтылдым деп, «Ясин» сүресін қырық күн бойы оқуды бір Аллаһқа тапсырып қойғаның жөн болмайды. Әкенің қадірін одан айырылғаннан кейін білесің.  Сондықтан да, «Ясин» сүресін жатқа білсең, қырық күн бойы дөң болып қалған әкеңнің басына барып күн шыққанша «Ясин» сүресін оқитын боласың. Сонда ғана, әкеңнің жаны жәннәтқа барады, сонда ғана, оның аруағы саған разы болады! Ислам діні – Қазақтың діні. Жау жағадан алып жатқанда қара тудан аулақ болып, Исламның нағыз сара жолына түсіңдер. Ақ дін, ақ жолға салады. Анау қара тудың астына тұрғандардан аналарының да, айнып кеткендерін көрдіңдер. Бұлар біздің елімізді құртпақшы. Бұлар жылыстаған жыландар!

Қайрат Зарыпхан, шежіретанушы

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529