Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4473 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 16:11

БАЙЛЫҚТЫҢ КӨЗІ – ЖЕР

Ақсулық фермер Гүлмира Ұлықпанова жұмыс күнін қолына бір уыс топырақ алып, қасиетті жермен сырласудан бастайды. 

Гүлмира Ұлықпанова міне бірнеше жылдың жүзі болды, фермер шаруашылығын жүргізуде әйелдердің ерлерден кем түспейтінін дәлелдеп келеді.  Диқаншылықты жаңадан бастаған ол осыдан 5 жыл бұрын картоп егуді қолға алды. Алғашқы кезде бизнес жүргізуде көп қиыншылыққа  кезіккені де рас. Алайда бастаған ісін тастамайтін қайсар мінезді қыз  алғашқы қиындықтарға мойымай алға ұмтылды.

Енді міне, кәсіпкерліктің алғашқы нәтижелері де жемісін бере бастады. Гүлмира бұл бұл табыстарымен тоқмейілсімей, бизнесін одан әрі кеңейтуді жоспарлауда. Осы бағытта ол Ақсу қаласындағы Кәсіпкерлер палатасының филиалына барып, бизнесті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы жай-жапсарға қанықты. Енді кәсіпкер әйел мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланып, кәсіпкерлікті өркендетудің әдіс-тәсілдерін қолданбақ.

 «Жер ерекше, қамқор иесін күтеді. Бұрын бұл жер тың жатқан жер еді. Біз игере бастадық. Алғашқы жылдары өнім ала алмадық. Соңғы үш жылдан бері еңбегіміздің жемісін көріп келе жатырмыз», – дейді фермер. 

Гүлмира Ұлықпанова жұмыс күнін қолына бір уыс топырақ алып, қасиетті жермен сырласудан бастайды. Көзін тапсаң, қасиетті жердің бермейтіні жоқ екені аян. Ол жұмыс жасағанда ешкімнен қалыспайды, топырақты аялап, өңдейді және алар астығы да жақсы.

Өткен жылы Гүлмира бастаған диқандар мол өнім алып, еткен еңбектері еш кетпей, нәтижесі көңілден шықты. Гектарына 300-400 центнерден картоп алды. Сәбіз 45-50-ден. Алдағы жоспарда егін алқабын  кеңейту тұр.

Гүлмира – осы өңірдегі аса еңбекқор диқан әйел. Өз ісіне мығым жан. Агротехниканы ұтымды жүргізеді. Үнемі топырақ өңдеудің жаңа тәсілдерін енгізеді. Оның ауыл шаруашылығы техникасына әріптестері де қызыға қарайды.

Механизатордың көмекшісі Әділ Саматов: «Біз өткен жылы сатып алған сәбіз тұқымын сепкіш құрал өте тиімді болып шықты. Тұқымды сапалы себеді, дән ризамыз»,- дейді.

Гүлмира Ұлықпанованың арманы – егіні жайқалған далада тұрып, өмір сүру. Осы жерден үй салмақшы. Таңмен таласа тұрып, далаға асығатын кәсіпкер әйел жер-ананың еңбек етіп, егін еккен адамға қашанда жомарттық танытатынын жақсы біледі. Түгін тартсаң, майы шығатын қасиетті жерде өмір сүру де – бір бақыт емес пе. Гүлмираның бұл арманы орындалатынына біздің де сеніміміз зор.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394