Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4726 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 15:21

ЫСТАМБҰЛДАҒЫ ТЕРАКТІНІ РЕСЕЙ АЗАМАТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫПТЫ

Өткен аптада Түркияның Ыстамбұл қаласының Халықаралық «Ататүрік» әуежайында теракті болып, 50-ден астам адамның қаза болғандығын және 200-ге жуық адамның жарақат алғандығын хабарлаған едік.

Аталған лаңкестік оқиғаға қатысты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жақында мәлімдеме жасады. Өз мәлімдемесінде Түркия Президенті «Ататүрік» әуежайындағы терактіні жасағандар Дағыстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның азаматтары екенін айтты. Лаңкестік оқиғаға қатысы бар деген күдікпен барлығы 30 адам тұтқындалыпты.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:

- Терактіге қатысы бар деген күдіктілердің саны 30 адамнан асты. Күдіктілерді тергеу барысында ол адамдардың нақты кім екендері және қай елдің азаматары екендері анықталды. Тергеу жұмыстарының қорытындысы көрсеткендей, «Ататүрік» әуежайында жарылыс жасаған лаңкестердің барлығы Қырғызстан, Тәжікстан және Дағыстан Республикаларының азаматтары болып шықты. Өкінішке орай біз бұл елдермен тығыз қарым-қатынастамыз және бізге көршілес мемлекеттер болып табылады.

Сондай-ақ, Түркия Президенті Ыстамбұлдағы терактіні «ИШИМ» (Ислам мемлекеті – Қазақстан аумағында тыйым салынған экстримистік топ) содырлары жасағанын да айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, маусымның 28-күні Ыстамбұл қаласындағы «Ататүрік» Халықаралық әуежайының терминалында жарылыс болып, 50-ден астам адам қаза тапқан және 239 адам жарақат алған. Қаза тапқандардың 19-ы шетелдік туристер екендігі де анықталды.

Сонымен қатар, «Ататүріктегі» терактіні ұйымдастырушы негізгі күдікті – Ресей азаматы, этникалық шешен Ахмад Чатаев екендігі де анықталған.

(Шешенстандық содыр - Ахмад Чатаев)

Ахмад Чатаев Шешенстандағы «Имрат Кавказ» қылмыстық тобының мүшесі болған. Аталған қылмыстық топтың жетекшісі Доку Умаров өлтірілгенне кейін, Ахмад «ИШИМ»-нің Ресейдегі бас өкілі болған. РФ Антитеррористік ұйымының хабарлауынша, Чатаев ИШИМ лидерінің нұсқауымен  Ресей және Еуропа елдерінде теракті жасауды жоспарлаған екен.

Түйін: Жақында Ресей мен Түркия арасындағы дау-жанжалға арағайындық айтқан Қазақстан Президентінің пәрменімен Путин мен Ердоған қайта құшақ қабыстырған-тын. Екі елдің де экономикасы арадағы кикілжіңнен кейін едәуір құлдырай бастағаннан соң, Владимир Путин мен Тайып Ердоған татуласып, арадағы турзимді қайта жаңғыртатынын мәлімдеген. Бірқатар ресейлік және про-ресейлік басылымдар Ердоған Кремльдің алдында еңкейіп тұрып, кешірім сұрады деп сүйіншіледі. Десе де бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат екенін хабарлағанбыз (http://abai.kz/post/view?id=8589).

Енді бүгін елуден астам адамның өмірін жалмап, екі жүзден астамын жарақаттаған жарылысты ұйымдастырған негізгі қылмыскер - Ресей азаматы болып шықты. Бұл өз кезегінде енді ғана ымыра тауып  келе жатқан РФ мен Түркия арасындағы дауды қайта тұтата ма?

Түркия территориясына рұқсатсыз кірген ресейлік СУ-24 ұшағын, дәлірек айтсақ, оның жалғыз ұшқышын атып құлатқаны үшін Ердоған Кремльден кешірім сұраған болса, "Ататүрік" Халықаралық әуежайында жарылыс жасап, бірнеше мемлекеттің азаматтарын өлтірген Ресей азаматы үшін Путин Ердоғаннан және өзге мемлекеттерден кешірім сұрауы тиіс!

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371