Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3300 0 пікір 5 Шілде, 2016 сағат 09:01

Өзбекстан банктері шетел валютасын картадан алуды шектеді

СА-News жергілікті іскерлік басылымдарға сілтеме жасап, енді банк клиенті айына бір мәрте банкоматтан немесе кассадан 300 АҚШ долларын ғана шешіп ала алады, деп хабарлайды. Бір күнге арналған лимит өзгеріссіз қалды – 100 доллар.

Банк секторының өкілдері шетел валютасына қатысты операцияларға бірқатар шектеу енгізілгенін растады, бірақ жаңа өзгерістерге байланысты пікір білдіруден бас тартты. Осындай шектеулер биыл қаңтар айында енгізілген еді, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сол кезде Өзбекстан билігі заңсыз кіріс пен заңсыз қолма-қол ақша операцияларына қарсы күресті осылайша күшейткен.

Экономистердің пікірінше, 2016 жылдың маусым айында күшіне енген жаңа өзгерістер де валюта айналымы саласын бақылауды күшейтуді көздейді. Бұған қоса, билік банк есептеріндегі қорды сақтап қалуға тырысып келеді, өйткені банк секторының өтемділігін қолдап отыруға өзінің жеке қаражаты жоқ. Банктердегі валюта белсенділігін тежеу арқылы республиканың қаржы билігі ел ішіндегі капиталды сақтап қалады және оның шетелге шығып кетуін болдырмайды, деп хабарлады "Единый банк" басылымы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364