Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3807 0 пікір 9 Шілде, 2010 сағат 06:36

Алматы облысы жібек құртының шабуылынан зардап шегуде – «Караван»

Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ - «Караван» газеті Алматы облысы жәндіктердің шабуылына душар болды деп жазып отыр. Апталықтың бір мақаласы жәндіктер популяциясының өсуіне бақылау жүргізу проблемасына арналған кезекті номері саудағы жұма күні түседі, деп апталықтан ҚазТАГ редакциясына хабарлады.

«Құрттар кемірген ағаштар, шаян қаптаған жағажайлар, тұрғын үйлерде қаптаған қандалалар - мұндай көнекөз қарттардың да есінде жоқ. Еңбекшіқазақ ауданында жібек құрты жол жағалауындағы ағаштарды кеміріп, тып-типл етіп, сыйдыйған бұтақтарын қалдырды», - делінген апталық материалында.

«Егер онымен күреспесе оның салдары бүкіл Алматы өңіріне тиюі мүмкін», - дейді РМК «Зоология институтының» қызметкері, өрмекші іспеттестердің маманы Александр Громов.

Зоология институтының энтомология зертханасының меңгерушісі Бағдаулет Таранов та бұл пікірмен келіседі. «Алматы өңірінде жібек құрты бұрын да болатын, бірақ биылғыдай қаптауы - бірінші рет», - дейді ол.

Бірақ тек жібек құрты ғана көбейіп тұрған жоқ. Ылғалдың жоғарылығы мен жәндіктердің көптігі далаларда, Қапшағай су қоймасының маңайында шаяндар мен бүйілердің қаптауына әкелді. Бұл тұста шаяндар әдеттегідей түнде емес, күндіз де белсенді, дейді журналистер.

Екінші бір мақалада Оңтүстік Қазақстан аудандық әкімі қалалық қоқыс төгетін күресінді салу барысында Т3 млн жылыстатып үлгергені туралы жазады. ОҚО табиғатты қорғау прокуратурасы Ленгер қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигон құрылысын тексерген.

2007 жылы полигон құрылысына Т36 млн бөлінген. 2008 жылы полигон мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Мердігер бюджетпен толық есептесті. Бірақ екі жыл өткен соң прокуратура ресми есептерде көрсетілгеннен өзгешелеу бейне көрді. 

Сот-құрылыс сараптамасына сай аталған нысанда атқарылмаған жұмыс сомасы Т2,9 млн. 

Мыңдаған балықшылар рұқсат алудың жаңа торына түсті. Кезек пен былықпай, әртүрлі салықтар - осының бәрі тынығу үшін. Бұл кімге тиімді? «Караван» журналистері дәл осындай бұлыңғыр суда «балық» ұсталады, дейді. Бұл ретте, әуесқой-балықшыларға егер олар 5 кг балықтан аз ауласа және 5 немесе одан да аз қармақты пайдаланса, ешқандай да арнайы жарна төлеудің қажеті жоқ екені белгілі болды. «Бірақ мұндайды ешкім де әуесқой-балықшыларға түсіндірмейді», - деп таңырқайды редакциядан.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377