ДІНДІ САЯСИЛАНДЫРМАЙЫҚ...
Кезінде бір беделді журналист досым, "аталарымыз қателескен, қателескен" деп дәстүрді мойындамай 2008-2009 жылдары менімен әбден пікірталастырып жүрді.
Соңғы екі-үш жылдай болды сол жұмыс істейтін арна - бастарына кірпіш түсіп кеткен бе, әлде жатқан купесіндегі екінші қабатынан құлап қалған ба, онысын бір Алла біледі?! Бірақ солар 180 градусқа бұрылып, тек ұлттық дәстүрді, салт-ғұрыптарымызды көрсетіп жүр.
Сұрақ: сонда бұл саяси тұрғыда көзқарастары демде өзгеріп шыға келетін қандай наным-сенім?
Мораль: қоғамда әрбір пенде өзінің ішкі сенімінен шықпай һақты танып, тек өзі жауап береді. Басқаларға өз сенімін тықпаламай, баға бермеуі керек. Ақиқатында Жаратқан пендесін өзіне қаратып алады...
Мақсат Жақау
Facebook-тегі парақшасынан