БҰЛ НЕ СИҚЫР?
Экономиканың өсуіне медальдар санының өсуі кері пропорционал болып тұрғаны таңғаларлық..
Қателеспесем Қазақстандықтардың 80 %-ға жуығы банктерден несие алған деген ақпарат оқыдым. Жарайды кім несие алмай жатыр дейік.
Бірақ баспанасыздардың өте көп екенін жасыра алмаймыз.
Еліміздегі ажырасулардың деңгейі өте жоғары болса, ол ең алдымен материалдық жетіспеушілік пен баспанасыздықтың әсері.
Осындай фонда, провинциялық шағын ғана қаладан шыққан жаттықтырушы ауыр атлетикадан әлемде теңдесі жоқ команда дайындайды.
Спортшылардың талантына шек келтіруден аулақпыз. Жаттықтырушының талантты тани білетініне де шүбә жоқ. Дегенмен...
Кеше біреу ЖОО-н бітіріп жатқандардың арасында қызыл диплом иелері өте көп деп қалды. Ал журфакта көк диплом алған адамды табу қиын деседі.
Ал мектеп түлектері арасында Алтын медаль иегерлері жыл өскен сайын артып келеді.
Бұл не сиқыр?
Өмір Шыныбекұлы
Facebook-тегі парақшасынан