ИЛЬИНДІ ҚОЛДАУ ДҰРЫС ЕМЕС
Спортты жақсы білетін бір адам жоқ па? Седов не қыл деп жүр, Ильиннің сөзі неге сұйылып кетті? Бас бапкер сотқа жүгінеміз деп, бірақ мұндай жағдайда спортшы ешқашан жеңіп шықпаған деп тіпті қуды. Мұндағылардың барлығы Олимпиада комитеті мен антидопинг агенттігін бізге қарсы ниеттегі бір массондар ретінде көреді.
Жалпы допингтің бар-жоғын анықтаудың ережелері қандай? Біздің осындағы жанашырлардың айтып отырғаны допингтің бар екендігі "неліктен 8 жылдан кейін табылып отырғандығында". Басқа дым да ой жоқ. Ал ХОК технологияның дамыған кезінде қулық жасағандарды әшкерелеу үшін қан сынамаларын 10 жылға сақтау туралы шешімді дұрыс жасаған.
Ильиннің өзі айтқан ADAMS жүйесі жайлы біреуіміз ойланбадық. Салқынқанды пікір-пайым жоқ. Неге? Дилетантпыз ба? Ендеше қойыртпақ қолдай беруіміз дұрыс емес.
Олимпиаданың алтындарынан айырылу - бүкіл әлемге масқара болу. Спорт саласындағы бүкіл басшылық кететін жағдай. Осының барлығына спортшылардан бастап ауыр атлетика федерациясына дейін түгелдей жауапты.
P.S. Менің бір білетінім, станозолол, анығы винстрол. Және бұл препараттың күшті арттырып, өзге химияға қарағанда бауырға қатты әсер етпейтіндігі белгілі (егер инемен салса). Алайда акне (безеу) шығып кетеді. Айта кетейін, Ильиннің арқасын ешқайсымыз көргеніміз жоқ, алайда беті мен басында тестостеронның өлшем ауытқуынан безеудің көп шығып кеткенін жасыра алмайсыз. Әрине, дәрігердің жіті бақылауынсыз қолданса адам өліп те кетуі мүмкін. Алайда бұл препарат тапсырылған зәрде анық табылуы тиіс. Айтпақшы, бұл препарат әлі күнге дейін толық зерттелмеген күйі қалып отыр.
Ардақ Құлтай
Facebook-тегі парақшасынан