ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ АРАСЫНДАҒЫ ҰҚСАСТЫҚ
Қазақстан мен АҚШ-тың арасында кездейсоқтық па, ұқсастық па, әйтеуір төркіні жақын оқиғаларды байқап отырмын.
30 мамырда Америка елдік жолында құрбан болған сарбаздары мер сардарларын еске алу күнін атап өтсе, 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккендерді еске алу күні.
Одан бір апта өтпей жатып Ақтөбеде 5 мамырдағы қайғылы оқиғада лаңкестер қолынан 7 бейбіт тұрғын қаза тапты. Ел болып қайғырдық! Жандары жәнатта болғай. 12 мамырда Орландода бір лаңкес қарулана түнгі клубқа кіріп, 50 адамды жайратып салған.
Бұл 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен кейінгі ең үлкен оқиға деп бағалануда. Америка тариxындағы ең үлкен жаппай ату (mass shooting) екен. Соңғы 50 жылда осындай 126 қайғылы оқиға орын алып, 869 адам құрбан болған.
Адамның өмірі статистикалық есепке арқау болып кетіп жатқаны өкінішті әрине. Әр өмірдің ізінде талай ұрпақтың еңбегі, жолында жақындарының көз жасы мен сағынышы бар.
Қазақстан мен Америка ұқсаса, ендігі жерде жақсы жаңалықтарымен ұқсағай деп тілеп отырмыз.
Шыңғыс Мұқан
Facebook-тегі парақшасынан