Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3546 0 пікір 16 Тамыз, 2010 сағат 07:16

Қайда демалдыңыз? Демалдыңыз ба?..

Айырқалпақты ағайындарымыз тегінде айтқыш қой, қазір олар өздері туралы: «Біз, қырғыздар, бір іс бастамайық, бір іс бастасақ аяғын революциямен бітіреміз» дейтін көрінеді. Қырғыздың төңкерісшілдігі өкінішке қарай, осы жаз Ыстықкөл туризміне қатты зиянын тигізді. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, жыл сайын ел бюджетінің 40-50 пайызын қамтамасыз  етіп келген Ыстықкөл саяси ахуалдың ыстығы көтерілгелі бері салып ұрып сабылып келіп жататындардан сап тиялған. Биылғы жаз Алатоо астым, айдынға шомылдым деген қазақ жоқ. Есесіне, қазақ жеріндегі демалыс орындарының бағасы артып, құны еселеніп шыға келді. Басы ауырып балтыры сыздап жүргенннің дені Балқашқа, ауа жұта алмай алқымы іскеннің көбі Алакөлге, жылына бір рет жақсылап дем алып, жүйкесін жұмсартпаса буынып өле жаздайтынның бәрі Бурабайға ағылды. Қысыр сөзді қыстырмай турасына көшсек,  бойға қуат, ойға шуақ жиғысы келген жанның еліміздегі саяжайларды саялап кетуіне тура келді. Соған орай біздегі демалыс орындарының бағасы да шарықтап-ақ бақты. Тіпті, атақты көлдердің айналасындағы ауыл тұрғындарының өзі қора қопсысын тазалап жіберіп кәдімгі қонақ үйлерге айналдыра қойғанын да құлағымыз естіді. Ал, қызмет сапасы деген сын көтермейді дейді барып көргендер.

Айырқалпақты ағайындарымыз тегінде айтқыш қой, қазір олар өздері туралы: «Біз, қырғыздар, бір іс бастамайық, бір іс бастасақ аяғын революциямен бітіреміз» дейтін көрінеді. Қырғыздың төңкерісшілдігі өкінішке қарай, осы жаз Ыстықкөл туризміне қатты зиянын тигізді. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, жыл сайын ел бюджетінің 40-50 пайызын қамтамасыз  етіп келген Ыстықкөл саяси ахуалдың ыстығы көтерілгелі бері салып ұрып сабылып келіп жататындардан сап тиялған. Биылғы жаз Алатоо астым, айдынға шомылдым деген қазақ жоқ. Есесіне, қазақ жеріндегі демалыс орындарының бағасы артып, құны еселеніп шыға келді. Басы ауырып балтыры сыздап жүргенннің дені Балқашқа, ауа жұта алмай алқымы іскеннің көбі Алакөлге, жылына бір рет жақсылап дем алып, жүйкесін жұмсартпаса буынып өле жаздайтынның бәрі Бурабайға ағылды. Қысыр сөзді қыстырмай турасына көшсек,  бойға қуат, ойға шуақ жиғысы келген жанның еліміздегі саяжайларды саялап кетуіне тура келді. Соған орай біздегі демалыс орындарының бағасы да шарықтап-ақ бақты. Тіпті, атақты көлдердің айналасындағы ауыл тұрғындарының өзі қора қопсысын тазалап жіберіп кәдімгі қонақ үйлерге айналдыра қойғанын да құлағымыз естіді. Ал, қызмет сапасы деген сын көтермейді дейді барып көргендер. «Бурабайдағы асқан сервистің түрі селкілдеген тоңазытқыш пен төбесінен түйіп қоймасаң түйіліп қалатын теледидары бар сыңар бөлме ғана болды, соның өзін қожайын күніне жиырма отыз мыңға бұлдап сатып отырды» дейді ақшасын текке шығындап, қалтасын қағып қайтқан Қайрат Сеңгірбаев деген жігіт. «Енді қайда барып тынығып, сергіп қайтуға болады?» дейді ол. Қайрат Қазақстанның қатардағы бір азаматы екен. Табысы отбасының орташа талабын қамтамасыз етуге жететін көрінеді. Осы жылы қосымша жұмыс істей жүріп тиын құрапты. Онысы әне әлгіндей болған.

Қайраттың, әрине, Түркия барып сайрандап қайтуға қайраты жеткенмен қаражаты жетпейді. Алматыдағы турагенттер соңғы екі-үш жылдың көлемінде сыртқа шығып демалатындардың қатары сиреп қалғанын айтады. Ірі байлар турфирмалардың жарнамасын да, қызметін де қажет етпейді екен. Демек, демалыс мәселесі біздегі орта таптың қаржы дағдарысынан оңдырмай «сыбаға» алғанын аңғартса керек. Әлеуметтік тұрмысы төмен жұрт бізде ешқашан арқасын кеңге салып аунап қунап көрген емес.

Сонымен, сөздің қысқасы қайда демалдыңыз? Жалпы осы жаз демалдыңыз ба? Біз осы сауал арқылы туризм кластері туралы, еліміздегі саяжайлар қызметі жайында толайым әңгіме қозғағымыз келген. Алайда ол мүмкін болмай шықты. Өйткені Қазақстан әлі жер асты байлығына «шомылып» қана отыр. Еңбек етіп, күш жұмсап, табыс әкелетін басқа саланы тездетіп қолға алуға тіпті құлықсыз секілді. Табысты салының бірі, әрине туризм болуға керек. Бірақ, «Астананың дамуы - Қазақстанның дамуы» деп ұрандататын ресми Астана өзгеге мойын бұрар емес. Давай, дамысақ бірге дамыйық та!

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321