ҚАЙ ВЕРСИЯНЫ ҚОЛДАЙСЫЗ?
Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты қисын патшалығынан негізгі үш сұрақты іріктеп алуға болады:
1. Ұйымдастырушы кім?
2. Қандай мақсатпен?
3. Нәтиже қандай?
Осы сұрақтарға әлеуметтік желілерден жауап іздеу барысында үш түрлі версия туындап отыр:
а) Тоқтар Төлешов атты Шымкенттік бизнесмен ресейшіл сепаратистермен бірлесіп Қазақстанда саяси-әлеуметтік тұрақсыздық туғызуды көздеген
(негіз: ҰҚК таратқан ресми нұсқа және соңғы кездегі "Рен ТВ", "Евразия" каналдары тарапынан ресейшіл идеологиямен қаруланған ақпараттық интервенцияның үдеуі);
ә) салафилік-уахабилік бағыттағы ислам радикал жастарының құқық қорғау қызметкерлерімен арада болған локальды конфликтісінің заңды жалғасы (негіз: терроризм тақырыбын зерттеп жүрген Е. Қарин сияқты сарапшылардың пікірі);
б) 6 шілде - Президент Н. Назарбаевтың туған күні қарсаңында әлеуметтік наразылықты болдырмау және жер тақырыбынан халықтың назарын аудару мақсатында және бейбіт митингіге шығу құқын шектеу мен репрессияларды күшейту үшін республиканың арнайы қызметі тарапынан жоспарланған арнайы операция (негіз: оқиғалардың бейбіт митингі уақытынан соңғы тұтқындаулар мен 6 шілде қарсаңындағы әлеуметтік көңіл-күйге тұспа-тұс келуі).
Қай версияны қолдайсыздар?
Уайыс Ерсайынұлы
Facebook-тегі парақшасынан