ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА!
1 маусым еліміздің ең ірі Апорт моллы балаларды қорғау күніне арналған мерекелік қайырымдық шарасын өткізді. Тұрмысы төмен отбасынан шыққан 10 балаға Апорт моллы спорттық киімдер мен аяқ киім, Hawaii аквабағына билет, KFC мен Mr Burgerдің тағамдарын, Рамстор гипермаркетінің 3000 теңгелік сертификаты мен Funkytown ойын сауық орталығына 5000 теңгелік картасын сыйлады. Апорт моллы мүгедек балаларға, жағдайы төмен отбасыларына, ардагерлерге, балалар үйіне көмектесіп, қажеттісін алып беруді міндет санайды.
«Апорт» моллының пиар менеджері Алма Зикеннің айтуынша, мүмкіндік барда көмектесу қажет. «Қолымыздан келгенше мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ана мейірімін көрмей өскен балаларға қол ұшын созып, қаржылай немесе тағам, киім, аяқ киіммен көмектесеміз. Біздің қайырымдылық шараларымызға тұрақты түрде қатысып, көмектесетін Қазақстанның атақты сәнгерлері Тамара Ламанукаева, Ләрия Жақамбаева, Айнұр Тұрысбек, Камила Курбани, «Ақсай нан», «Алтын диірмен» нан зауыттарына алғысымыз шексіз»,- дейді Алма Зикен.
Сондай-ақ, 2 маусымда «Апорт» моллы «Жасөспірімдерді уақытша ұстау орны» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 18 тәрбиеленушісіне қайырымдылық көмегін көрсетті. Балаларға «Starcinema» кинотеатрына, «Hawaii» аквабағына, «Next», «Funkytown» ойын - сауық орталығына тегін билеттер, киім, аяқ киім, ойыншықтар сыйлады. «Scoopers» компаниясы балаларға қызықты азотты шоу көрсетіп тәтті балмұздақ таратты.
Абай-ақпарат