Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 17 Тамыз, 2010 сағат 10:53

ҚОҚМ-нің сотталған бұрынғы басшысы мекен-колонияға ауыстырылады

Астана. 17 тамыз. ҚазТАГ - Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ) бұрынғы басшысы Нұрлан Ысқақов жалпы тәртіптегі колониядан мекен-колонияға ауыстырылады. Астананың Алматы аудандық соты 13 тамызда осындай шешім қабылдады, бұл шешім 15 күн өткен соң күшіне енеді, деп хабарлады сейсенбі күні аталған мекеменің канцеляриясы.

«13 тамызда Нұрлан Ысқақовты мекен-колонияға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Құжат әзірге орындалған жоқ, ол 15 күн өткен соң күшіне енеді», - деп мәлім етті ҚазТАГ агенттігіне канцелярия қызметкері.

Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, заңнамаға сәйкес, сотталғандар мекен-колонияға жақсы тәртібі үшін және еңбекке жауапкершілікпен қараған жағдайда ауыстырылады. Агенттік Н. Ысқақовтың адвокаттарынан егжей-тегжей мәлімет ала алмады.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың қазан айында Н. Ысқақов қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Тергеу экс-министрдің бұрынғы екі қызметкерімен бірлесіп бюджет қаржысын жымқырғанын дәлелдей алмады. Н.Ысқаковтың жазасын өтеу мерзімі 2009 жылдың 30 наурызынан есептеледі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371