Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4150 0 пікір 2 Маусым, 2016 сағат 10:48

БЕРЕЗОВКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҰЙЫМЫНАН КӨМЕК СҰРАДЫ

Ата-аналардың хабарлауынша, 2014 жылдың соңынан басталған оқушы балалардың түсініксіз дерттен талып құлай беруі әлі тоқтамаған. Балалардың кейбірінің жағдайы жақсармай, нашарлай түскен.

Crude Accountability ұйымының мәліметінше, кейбір ата-ана баласын көршілес Ресейге апарып, өз қаржысына дәрігерлік тексеруден өткізіп, емдете бастаған. Ұйым Мәскеуге тексеруге апарылған үш балаға ресейлік дәрігерлер "ми токсиннен уланған" деген деген диагноз қойғанын және одан емделу ұзаққа созылатынын айтқанын хабарлады.

"Балалар ма, мұнай ма?" коалициясы Березовкаға жақын Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішін игеріп жатқан консорциум құрамындағы Chevron, Eni, BG Group, "Лукойл" және "ҚазМұнайГаз" компанияларын, Қазақстан билігінкеніште улы қалдық шығарылғанын мойындауға шақырады. Коалиция сонымен қатар аталған тараптарды березовкалық балаларды тексертіп, емдетуге және оларға денсаулығына келген зардап үшін өтемақы төлеуге шақырады.

Березовка тұрғындары 2014 жылы балалардың жаппай улануын "ауылға жақын Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінен ауаға тараған улы заттан" көреді. Кенішті игеретін Karachaganak Petroleum Operating компаниясының басшылығы мұны жоққа шығарып, қалдық экологиялық талаптарға сай шығарылған дейді.

2015 жылы шілдеде Қазақстан үкіметі кеніш маңындағы санитарлық қорғау аймағын кеңейтіп, Березовка тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылдаған.

Abai.kz

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364