Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5126 1 пікір 1 Маусым, 2016 сағат 15:36

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ЖЫР АНТОЛОГИЯНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ, МҮШӘЙРА ӨТКІЗДІ

  1 маусым күні Астана қаласында «Шабыт» өнер академиясында «Ауыл» ХДПП-ның ұйымдастыруымен «Азаттығым - ғажап күнім» атты жыр антологиясының тұсаукесері және жыр мүшәйрасы өтті деп хабарлайды «Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі.

Шараны «Ауыл» партиясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырып отыр. Алқалы жиынға 300-ден астам делегат қатысты. Олардың арасында алыс жақын шетелден келген 100-ге жуық қандасымыз да бар.

Тұсауы кесілген «Азаттығым - ғажап күнім» жинағына әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақ ақын-жазушыларының Қазақстан Тәуелсіздігіне, туған елге, патриотизмге бағытталған  өлең жырлары енген. Антологияға Монғолияда тұрып жатқан 15 қазақ ақынының, Қытайдағы  қазақ диаспорасының 40 өкілінің, Ресейлік 5 қазақ ақынының ән-жырлары мен қазақстандық 45 ақын-жазушының еңбектері жинақталып отыр.

Жиынға қатысушыларды құттықтаған «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы Әли Бектаев «Тәуелсіздік – еш нәрсемен салыстыруға келмейтін ұлы нығмет. Тек тәуелсіз ел ғана ойындағы асқақ армандарын жүзеге асырып, жарқын өмір сүре алады» деп,  атап өтті. Оның айтуынша, «Қазақ елі Тәуелсіздік алған сәтте, әсіресе шетелде жүрген қаракөз қандастарымыз бөркін аспанға атып қуанды. Тәуелсіздік жат жұртта жүрген замандастарымыздың келешек тағдырын айқындап берді. Шетте жүрген қандас бауырлар сол кезеңнен бастап лек-легімен атамекеніне орала бастады». «Қазақстан Тәуелсіздігінің қадір-қасиетін шетте жүрген қандастарымыз ерекше түсініп, жоғары бағалайды», деді ол.  

Сондықтан да, шетелдік қандастардың қаламынан төгілген елі мен жеріне, атамекеніне деген сағынышы мен ұлтына деген ыстық сезімі қатар өрілген жыр моншақтары әрбір жанның жүрегін дір еткізіп, санасын сілкінтетін күшке ие.

«Азаттығым - ғажап күнім» жыр антологиясының таныстырылымынан соң, ақын-жыршылар Тәуелсіздікке арнаған өлең жырларын оқып, жиналғандардың қошеметіне бөленді. Жыр мүшәйрада ерекше суырылып көзге түскен қалам иелеріне арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

 Абай-ақпарат

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303