Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 8432 0 пікір 31 Мамыр, 2016 сағат 17:41

АШЫҚ АУКЦИОН. КЕН ОРЫНДАРЫ САТЫЛМАДЫ

Инвестициялар және даму министрі 16 маусымда өткіземіз деп жоспарлаған жерқойнауларындағы қазба-байлықты ашық аукциондағы сатылымға шығара алмайтын болып жатыр. Аталған министрліктің ашық аукционы өтпейтіндігі туралы хабарлаған Ratel.kz сайтының тілішісі «Қазақстанға енді ешкім қаражат салмайды» деп қиналыпты (Қараңыз: В Казахстан деньги уже не вкладывают http://ratel.kz/outlook/v_kazahstan_dengi_uzhe_ne_vkladyvajut).

Маусымда болып қалады деп күтілген аукционға қазақ жерінің қойнауында жатқан алтын, күміс, алмас, мырш, мыс және сирек кездесетін металлдар мен полиметаллдар кені сатылмақшы екен. Сатылымға қойылған кен орындарының құны да «ақылға қонымды» болса керек.  Мысалы, Ақмола облысындағы «Комсомолский участогы» 9 млн, 436 мың, ал Солтүстік Қазақстан облысындағы қойнауы алмасқа толы «Қаратал» кен орнындағы жұмыстың бастапқы құны бар-жоғы 600 мың теңге көлемінде белгіленген. «Осындай кен орындарын сатып алуға ешкім тәуекел етпеді. Қазақстандық кәсіпкерлер аталған жерлерді сатып алғанымен игере алмас еді. Өкінішке қарай, шетелдік инвесторлар ашық аукционға қатысудан бас тартты», - дейді сайт тілшісі.

Қазба байлығы әлі толық барланбаған кен орындарының сатылымға түсе бастағанын бұдан бұрын да оқырман қауымға жеткізген едік  http://abai.kz/post/view?id=5769 . Сол алғаш өткен аукционда  бастапқыда 2 миллионға бағаланған Қарағандыдағы алтынға бай Наурызбай, Алтынсай кен орындары аукцион соңында 280 миллион теңгеге  бағаланғанын жазғанбыз.

Осы жайттарды кезекті рет қамтыған Ratel.kz сайтының тілшісі де Қарағанды облысындағы Мыстөбе кенорыны бастапқыда 991 мың теңгеге бағаланып, аукционның ақырында 240 миллион теңгеге сатылып еді деп жазады. Алдағы маусым айында өтеді деп жоспарланған ашық аукционның жұмысшы тобына жетекеші Инвестициялар және даму министрлігінің вице-министрі Альберт Рау: «Аукционның енді қашан болатыны әзірге белгісіз. Жағдай жыл соңындағы экономикалық ахуалға қарай шешімін табады», - дейді.

Қысқасы, жерді меншікке және шешетелдіктерге сатуға қарсы қазақ халқының наразылық танытуы шетелдік кәсіпкерлерді ойға қалдырған сияқты. Альберттер алқынып жүріп ашық аукционға салмақ болған қазақтың қазыналы жерлеріне шетелдіктердің кенеттен «көз сұғын қадамай қалуында» осындай мән болса керек. 

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963