Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7595 1 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 13:26

АЛТЫН ТОЙМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Ғасырлар безбенінде халқымыздың қалыптастырған құндылығын ешқашан жоймайтын, салт-дәстүрлер бар. Олардың санатында ағаға қарап іні өсіп, әпкесіне, жеңгесіне қарап қызы бой түзейтін дәстүрді қазақтың әрбір ұлы мен қызы бойына сіңіріп өседі. Біздің әулет  үшін де Болат Әужанұлы ағамыздың, Нәзгүл Бектұрсынқызы жеңгеміздің де орындары ерекше. Бүгін 50-жылдық – алтын тойларын атағалы отырған бұл отбасының ізгілікке толы іздері, ғылыми жетістіктері, шығармашылық табыстары, күнделікті тұрмыс-тіршілікгі үлгітұтар тұстары да ауыз толтырып айтарлықтай.

Жеңгеміз, міне, 46 жыл бойы үздіксіз жоғары оқу орындарында, 33 жыл Абай атындағы Казақ мемлекеттік педагогикалық университетінде, 13 жыл І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ұстаздық қызмет атқарып келеді. Профессор, 60-тан астам монографиялар мен оқұлық, оқу құралдарының, 400-ге тарта ғылыми мақалалардың төлиесі. Еңбектері АҚШ (Нью-Йорк), Ұлыбританияда, Австрияда, Польшада, Болгарияда, Чехияда, Мәскеуде, Санкт-Петерборда, Киевта, Томск, Ярославль, Самара, Тамбов, Таганрог, Чебоксарыда жарық көрді. Жақында ғана, үстіміздегі жылдың сәуір айында «Алтын қауырсын» атты Ресейде өткен халықаралық ғылыми жұмыстардың байқауында бірінші орынға ие болды.

Ағамыз да еңбек жолын ұстаздықтан бастап, кейін партия, әкімдік бағытында халқына қалтықсыз қызмет етті. Қазір зейнеткерлік демалыста болғанымен, шығармашылық жұмыстан қол үзген жоқ. Бірнеше тарихи-танымдық кітаптар жазды. Өзіміз құрмет тұтатын бұл отбасында қалыптасқан қасиет, ол, отбасы мен отанасының арасындағы мейірімге толы, айналасына шуақ шашатын ерекше бір аура. Аға-жеңгеміздің осы жылдар ішінде бірде-бір рет бір-біріне дауыс көтеріп, артынан ілескен бізге  өктем сөйлеп пендешілікке бой алдырғанын көрмеппіз.

«Тас таста, алтын таста сынамаққа,

Бәрібір аққан өзен сол қалпында», - деп, ұстаз Ыбырай Алтынсарин айтқандай, аға-жеңгеміз алған асуларын бұлдамай, сырт көзге өздерін-өзі жарнамаламай, баршылықтан асып-тасымай, тіпті, тағдырлары таразы басында теңселген тұстарында жасымай, адами іріліктен төмендеген кездері болған жоқ. Бұл да біздер үшін, артынан ілескен іні-қарындастары, күйеубала-келіндері үшін үлгі-өнеге.

Аға-жеңгемізге зор денсаулық, ғылыми, шығармашылық еңбектерінің жемісті болуын, Жаратушы сыйлаған әрбір түндерінің тыныш, күндерінің шуақты тілейміз!

Туған-туыстары 

Abai.kz

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387