Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4251 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 10:58

Twitter ережелерін өзгертеді

Twitter микроблогтар сайты қолданушыларға жаңа мүмкіндіктер беретін өзгерістер туралы хабарлады.

Twitter қазір қаржылық қиындыққа тап болды. 24 мамырда MoffetNathanson брокерлік фирмасы компания акцияларына қатысты ұстанымын “бейтарап” мәртебесінен “сату керек” дегенге өзгерткен соң, оның бағалы қағаздары 4,8 пайызға – ең төменгі көрсеткіш 13,72 долларға құлдырады.

Өзгерістер бірнеше айдан кейін ғана пайда болады деген мәлімет бар, әзірге компания олардың нақты уақытын айтпады. Сайтты қолданушылар үнемі хабарлама ұзындығы сілтемені қосқанда 140 белгіден аспайтынына наразылық білдіреді. Өзгерістерден соң бұл ереже сілтемелерге жүрмейді деген болжам бар. Одан бөлек, мәліметтермен жедел әрі оңай бөлісуге, басқа қолданушыға жіберуге мүмкіндік беретін “Ретвит” батырмасы пайда болады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 742