Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4801 0 пікір 25 Мамыр, 2016 сағат 10:49

Қырғызстан қарсылық нотасын жолдады.

Қырғызстан Арыстанбек Мұхамедиұлының мигранттар жайлы сөзінен соң қарсылық нотасын жолдады.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 23 мамыр күні Астанада айтқан кейбір мәлімдемесіне наразы.

Мұхамедиұлы жұртшылыққа есеп беру кезінде "Қырғызстандағы жұмыссыздық кесірінен жас қырғыз қыздар Мәскеудегі қоғамдық дәретханаларда қара жұмыс істеуге мәжбүр" деген мазмұнды мәлімдеме жасаған.

Бішкек қазақстандық министрдің сөзі дөрекі болып шыққанын, екі елдің арасындағы одақтас сипатты қарым-қатынасқа сәйкес келмейтінін ескертеді.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі вебсайтына жариялаған арнайы мәлімдемесінде соңғы уақытта Қазақстанның мемлекеттік телеарналарынан көрші мемлекет туралы теріс, біржақты ақпарат тарату жиіледі деп санайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1146
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2680
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 794
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763