Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3743 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 05:34

Ер Түріктің ұрпақтары бірігетін күн бар ма?

Қасиетті Түркістанда Халықаралық ІІІ Түркология конгресіне қатысушылар тағы да осы мәселені сөз етті.
Биылғы жылы елімізде түрік тектес халықтардың тарихы, тілі мен мәдениеті һәм бүгінгі күнгі интеграциясы жөнінде қатарынан үш рет алқалы бас қосу өтті.
Алматыда сәуір айының ішінде С.Демирел университеті «Мәдениеттер тоғысындағы әдебиет, тіл және аударма мәселелері» деген атпен түркология конференциясын, сондай-ақ, іле-шала халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы мен Мәдени саясат және өнертану институты «Өркениеттер диалогындағы Түркі әлемінің ролі» атты халықаралық симпозиумның тұсауын кесті. Ал, мамыр айының 18-20  күндері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті «Бүгінгі Түркологияның өзекті мәселелері мен келешегі» (ортақ тіл, тарих және әліппе) - деген атпен дәстүрлі ІІІ Түркология конгресін өткізді. Көкшетауда да алдымыздағы маусым айында түркология конференциясының өтетінін ескерсек, еліміздегі биылғы жылды «Түркология жылы» - деп айтуға әбден болатындай.

Иә, түрік тілдес халықтардың басын біріктіру мәселесі түрік тектестердің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Ер Түріктің орта ғасырларда бір емес, бірнеше рет Еуразия кеңістігінде дүркін-дүркін ат ойнатып, дүниені дүр сілкіндіріп, төрткүл әлемге өз үстемдігін паш еткендігін мақтан тұтып, ауыз толтырып айтқанымызбен, соңғы үш ғасырдан бері түрік тектес халықтардың мойнынан құлдық қамыттың түспей, империалистік саясаттың құрбаны болып келе жатқандығы көңілге кірбің, жүрекке жара салып жүргендігі ешкімге жасырын емес. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген түрік ұлтшылдары бодандықтың темір құрсауынан құтылып, империализм деген қараңғылықтың пердесін серпіп, бостандыққа қол жеткізуді мақсат етті. Халқының қамын жеген қаранар азаматтар түрлі қозғалыстар жасап, отаршылдыққа қарсы күресуде ортақтасуды ойлағанмен, түрлі себептермен түрік тектестердің саяси бірлестігін құру мәселесі бейдауа, баянсыз күй кешті. Түрік тектестер Кеңес Үкіметінің темір шеңгеліне іліккен тұста да бір-бірінің тілін, тарихын зерттеп, мәдени интеграция жасауды тоқтатқан емес. Атақты Алаш қайраткерлері қатысқан 1926 жылғы Бакудегі түркология конгре

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377