Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4805 0 пікір 20 Сәуір, 2016 сағат 10:44

"Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай "Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық байқауы өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Біз «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын өткізу жөніндегі ережені оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.

 

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын өткізу жөніндегі ереже

 

1. Жалпы ережелер

 1. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы

(бұдан әрі – Байқау) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай бағытталған.  

2. Байқауды өткізудің мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру.

3. Байқау төрт номинациядан тұрады:

1)  «Үздік мақала» (мерзімді баспасөз бойынша);

2)  «Үздік телеарна бағдарламасы» (телеарна бағдарламалары бойынша);

3) «Үздік радио бағдарламасы» (радио бағдарламалары бойынша);

4) «Үздік сайт мақаласы» (сайт материалдары бойынша).

4. Байқауға қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту жолында мемлекеттік тілдің ахуалы, оны дамыту туралы мақалалары (хабарлар ұйымдастырған) жариялаған жекелеген журналистер қатыса алады.

5. Осы байқаудың алдыңғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бас жүлде,
І, ІІ, ІІІ орын иегерлері) осы байқауға қатыстырылмайды.

 

2. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

 

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Байқауды өткізу туралы хабарландыру өңірлік, республикалық БАҚ-та жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында орналастырылады.

8. Байқау қатысушылары ұсынылған осы ереженің 3-тармағындағы көрсетілген төрт номинациялар бойынша өтінімді облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (Тілдерді дамыту басқармалары) және жеке тұлғалар Комитетке 2016 жылғы 10 маусымға дейін төмендегі материалдармен бірге ұсынады:

1) 2015 жылғы 10 маусым мен 2016 жылғы 9 маусым аралығындағы мемлекеттік тілді насихаттау бағытында жарық көрген жарияланымдарды, теле және радиоэфирге шығарылған хабарларды, мемлекеттік тілдегі сайттардағы материалдарды;

2) мақала жарияланған газет-журналдың түпнұсқасы, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы, «Word» форматындағы электрондық нұсқасы;

3) ұсынылған материалдардың қысқаша аннотациясы.

 

3. Байқау қатысушыларын бағалау

 

9. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандары мен ғалымдарынан, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлерінен тұратын қазылар алқасы 5-7 адамнан құрылады. Оның құрамын Комитет анықтайды.

10. Байқауға қатысушылардың материалдары жинақталғаннан кейін қазылар алқасының отырысы өткізіледі. Отырыста қазылар алқаларының дауыс берулері арқылы байқаудың төрт номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер айқындалады. Марапаттау рәсімінде байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы жарияланады.

11. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі
2016 жылғы маусым айында Астана қаласында өткізіледі.

12. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

13. Байқауға ұсынылатын материалдар мына мекенжайға жолдануы тиіс:

010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауына.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 74-14-97, 74-05-03, 40-83-67.

8702-478-97-03, 8707-423-98-70, 87055079898

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443