Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4021 0 пікір 19 Мамыр, 2016 сағат 18:59

ПАНТЕОН. ДАҚПЫРТҚА ІЛЕСПЕЙІКШІ...

 

Кешелі бері Мемлекеттік Пантеон жөнінде не бір қисынсыз өтірікті орыс тілді БАҚ қолдарынан келгенше таратып жатыр. Сорақысы - бұған аңғал қазақ ілесе кетті. Осы орыстар 2013 жылы Мәскеу түбінде РФ басшысы Путиннің жеке нұсқауымен 5 миллиард рубльге (25 миллрд теңге) Пантеон салып, оған Калашниковты жерлегенде жырыса мақтап, ұлардай шулап еді.
Енді қазақ сонау ҮІ -ҮІІ ғасырдан бастау алатын Күлтегін, Білге қағандардың,Тоныкөк данышпанның Пантеондарын, Сарайшықтағы Хандар Пантеондарын, Түркістандағы игі-жақсылар Пантеондарын, өз Ата дәстүрімізді еске түсіріп еді, орыс тілді ақпарат құралдары бұттарына жібергенше шыңғырып, өкіріп жатыр.
79 миллиард бөлінді деген түбірімен жалған. Мен, сонау 2002 жылы Астана қаласының әкімінің орынбасары Төлеген Мұқаметжанов өткізген алғашқы бас қосудан бастап, осы мәселенің басы-қасындамын. Төлеген қала ақсақалдарын, М.Жолдасбеков, А.Сейдімбеков, Қ.Салғарин, Т.Жұртбай бастаған азаматтарды жинап мынадай мәселе көтерді. Президент Әз Тәуке мен Әз Жәнібекке ескерткіш қоюды ұсынып жұрттың пікірін білігісі келген екен. Қызығы жұрт бірден түзету енгізді. Керей мен Жәнібекті бөлуге болмайды. Алдымен Екі Ханға қою қажет. Тәукеге сөз жоқ ескерткіш керек.
Төлеген ойланып қалды. Пікірімізді жеткізбек болды. Осы тұста Ақселеу аға Пантеон мәселесін ауызға алды. Сарайшық, Түркістан, Күлтегін, Білге Пантеондарын алдыға тартты. Ел түгел қолдады. Мұны да Төлеген жеткізуге уәде берді.
Екі жетіден соң қайта жиналдық. Біздің пікірімізбен Президент келісіпті.
Әңгіме осымен 2004 жылдың шілдесіне дейін қозғалмады.Осы жылы шілдеде Премьер Ахметовтің орынбасары Әйтімова Бірғаным қарындасымыз үлкен алқалы топ жинап, Пантеон мәселесін жеке көтерді. Астаналық бір ғана қарт қарсы болып, жоғарыда аталған ағаларымыз, соңыра қосылған ғалымдар түгел қолдады. Әсіресе есте қалғаны Ақселеу марқұмның - Пантеон Европаға Еділ пашамен барған біздің ата салтымыз. Өте керек. Салу қажет. Бірақ, мен өз ауылыма жерленемін, - дегені.
Осы жиынның Протоколы менде әлі сақтаулы.
Аяқ асты туған дәнеңе жоқ. Атын атап отырған ғалымдар, Рымғали Нұрғалиев пен Ақаңнан өзгесі тірі. Сұрарсыздар.
Міне, алғашқы адам жерленгелі үш жылға жуық уақыт өтті. 79 миллиапд тұрсын, 79 мың қаржы жұмсалған жоқ. Ту баста өткен - 2015 жылға 1 миллиард қаржы бөлініп, биыл 2 миллиард қаржы игеріледі деп жоспарланған еді. Бірақ екі жылда әлі екі тиын шыққан жоқ. Бұл жерге 79 миллиардың еш қажеті жоқ. 79 миллионға бар шаруа бітеді. Масқара қылғанда 79 миллионды миллиардтап шулап жеүмесек де. Әр марқұмның басына биіктігі- 220 см., ені-70 см., қалыңдығы-30 см құлпытас қана, құлпытас қана қойылады. Стандард. Қатаң бақылауға алынады.
Ал ана макеттегілерді Астананың әкімі Иманғали Тасмағамбетов бір көргенде-ақ жартысынан шауып тастаған. Президент те бас шұлғымаған. Екеуі өткізген жиынға қатыстым.
Қазір жер кескіні 40 градус өзгереді. Демек жер көлемі же 40 пайыз қысқарады
Қаржыны ұлғайтпау үшін Қабанбай батыр кесенесінің жанындағы беткейді ені 30 метрдей үш-төрт терассаға тегістеу ұйғарылды. Бұл екі тракторға екі күннің жұмысы. Ары қара құдай берген жазық дала.
Қайда ел шулаған 79 миллиард? Мұны сандализм демеске амал жоқ.
Бүгін Фариза апамыз бен Әбіш Кекілбай, Мақсұт Нәрікбай ағаларымыздың басынан қысы-жазы кісі арылмайды. Жексенбі күндері құран оқу үшін кәдімгідей кезекке тұрады.
Жаңа ғана Әбіш аға мен Фариза апамызға Әбекеңнің ұстазымын деген 98 жастағы қария бата жасады. Үш-төрт күн бұрын Имекең де болыпты. Бұ кісіге іле-шала Ерейментаулық бір автобус оқушы келіп, ұстаздары екі қаламгер жайлы әңгіме өткізді.
Бауырлар" Дақпыртқа ілеспейікші!
Камал Әбдірахман
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452