"Гитерлерді құттықтамаған", тек ойын ойнаған
Ресейде Ростов облысы Тергеу комитетінің басқармасы БАҚ-тың мектеп оқушылары "Гитлерді туған күнімен құттықтады" деп жазғандарына қатысты, шын мәнінде олар "Күн қайда, көрсетші" деген ойын ойнаған деген шешімге келген.
Тергеуге дейінгі тексеру нәтижесі бойынша мекемеге қылмыстық іс қозғалмайтын болған.
"Ойынның мағынасы топтағы кез-келген адам аяқ астынан "күн қайда, көрсетші" деп айқайлайды екен, ал қалғандары тез арада күннің қайда екенін көрсетеді екен, ал тез арада қолын созбаған адам ұтылған болып есептеледі екен", – делінген Тергеу комитетінің мәлімдемесінде.
2016 жылдың 22 сәуірінде БАҚ-та "Ростов оқушылары нацистік белгімен Гитлерді туған күнімен құттықтады" деген мақала жарық көрді. Онда Германия нацистік лидерінің туған күнінде (20 сәуір) мектеп оқушыларының бірі әлеуметтік желіге нацистік сәлем көрсетіп тұрған оқушылардың суретін жариялаған.
Абай-ақпарат