Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3162 0 пікір 19 Мамыр, 2016 сағат 10:30

Украинада Депортация құрбандарын еске алу күнін атап өтті

Киевте және Украинаның өзге қалаларында қырым татарларын депортациялаудың 72 жылдығын атап өтті.

Украина президенті Петр Порошенко Киев ұлттық операсында реквием кешінде сөйлеген сөзінде "Украина және әлем қырым-татарлары халқының қасіретін қайталауға жол бермеуі тиіс" деді. Ол Украина міндетті түрде Қырымды қайтарып алатынын атап өтті. Порошенко Конституцияға қырым татарлары автономиясын құру жөнінде өзгерістер енгізуді көздейтінін де мәлімдеді.

Қырымда жыл сайын депортация күні қарсаңында түрлі шаралар өтетін. Бірақ 2014 жылдың наурызынан аралды Ресей аннексиялап алғаннан кейін Симферополь орталығында аталған акцияларға тыйым салынған.

1944 жылдың 18 мамырында Орта Азияға қырым татарларының алғашқы эшелоны жөнелтілді. Үш күн ішінде Қырымнан 180 мың татар халқы көшірілген. Олардың 30 мыңға жуығы аштық пен суықтан қайтыс болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456