Жексенбі, 10 Қараша 2024
Жаңалықтар 2705 0 пікір 19 Мамыр, 2016 сағат 10:27

Мәскеуде банкке шабуыл жасаған адам өлтірілген

Мәскеудің ІІМ бас басқармасы қаланың шығысындағы банке шабуыл жасаған адамның арнайы оперативті жасақ тарапынан өлтірілгенін растады.

Ол өзі қолданған жасаған жарылғыш затты жармақ болған сәтінде өлтірілген. Құқық қорғау органдарының ақпараты бойынша, кепілге алынғандардың барлығы босатылған, олардың өмірлеріне қазір қауіп жоқ.

Алдын сәрсенбі күні Первая мая көшесінде кешкісін банк айналасын қарулы күштер қоршап тұр деп хабарланған болатын. Кепілде банктің бірнеше қызметкері болған екен. Төтенше жағдай "Мәскеу несие банкі" кеңсесінде орын алған. Кешкі сағат 20.37 шамасында маска киген белгісіз қаруымен банкке басып кіріп, қызметкерлерді сыртқа шығармай қауіп төндіріп жатыр деген қоңырау түскен.

Полиция қылмыскермен келіссөз жүргізген. Ол ірі сомада ақша талап еткен, болмаған жағдайда ғимаратты жарып жіберетінін айтқан. Кейін белгілі болғандай ер азамат 4,5 миллион рубль мен 13 мың еуро талап еткен еткен.

Сонымен бірге банкте атыс болғаны да хабарланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1159
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2660
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2693