Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3457 0 пікір 18 Тамыз, 2010 сағат 09:20

Әділет министрлігі жүйені реформалау үшін үкіметтен Т18 млрд сұрады

Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ - Ирина Нос. Әділет министрлігі әзірлеп жатқан заңнамаға құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін толықтырулар бюджеттен Т18 млрд астам қаржыны қажет етеді, деп мәлім етті әділет министрі Рашид Түсіпбеков сәрсенбі күні үкіметтегі кеңесте.

«Заң жобасы құқық қорғау қызметінен өтудің бірыңғай құқықтық стандарттары мен нормаларын белгілеуге бағытталған. Президенттің құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жарлығын ескере отырып әзірленген толықтырулар құқықтық реттеудің қарама-қайшылықтарын жоюға және құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері зейнеткерлікке шыққанда әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін, жеңілдіктер мен артықшылықтарын сақтауға мүмкіндік береді», - деді әділет министрі.

Министрдің айтуынша, бас прокуратура, қаржы министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар ұсынған құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әлеуметтік қамсыздандыруды теңестіру бойынша алдын ала есепке сәйкес 2012 жылы Т4, 87 млрд, 2013 жылы Т3,705 млрд, 2014 жылы 3,794 млрд қажет. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестациялауға Т6 млрд жуық қаражат қажет, деді министр.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1169
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2692
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 812
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 784