Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2835 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 12:11

Матаев ісі. Соттан 150 куәгерден жауап алуын сұрады

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың адвокаты ондаған адамды куәлікке тарту туралы өтініш түсірді. Олардың арасында шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшылары бар.

Матаевтың адвокаты Андрей Петровтың айтуынша, сотқа әлі шақырылмаған жаңа куәгерлерден жауап алу туралы өтініш жасалған.

Матаевтардың қорғаушысы сотқа шақыртқан 152 куәгердің арасында ақпарат және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов, "Қазақтелеком" компаниясының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, "Қазатомпром" команиясының басшысы Асқар Жұмағалиев, сондай-ақ байланыс комитетінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері бар.

Адвокат Андрей Петровтың айтуынша, оның өтінішін сот әзірге ашық қалдырды.

Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсетке қатысты сот 23 тамызда басталды. Оларға мемлекеттік тапсырманы БАҚ-та орналастыруға бөлінген ақшаны жымқырды деген айып тағылды. Олар биыл ақпанда ұсталды, кейін Алматыда үй қамауына ауыстырылды, ал тамыз айында Астанаға ауыстырылды. Мұнда да олар үй қамауында отыр. Матаевтар тағылған айыптардың барлығын жоққа шығарды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478