Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2892 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 15:43

ОҚО сәулеті Тәуелсіздік жылдарында адам танымастай өзгерді

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов хабарлады. 

Спикердің айтуынша, сәніне сәулеті келіскен жобалардың басым бөлігі, яғни 40-тан астам ірі жоба, соңғы алты жылда – 2009-2015 жылдар аралығында іске асырылып, бой көтерген. 
Атап айтқанда, «Жер ана» монументі, Ордабасы алаңындағы субұрқақ, Жібек Жолы аллеясы (Т.Рысқұлов ескерткіші), Көркемөнер галереясы, Абай мұражайы, Диуани Хикмет аллеясы (Түркістан қ.), «Даңқ» мемориалы, Дендросаябақты қайта жөндеу, «Шәмші әлемі» сквері, спортшылар аллеясы, Неке сарайы, Жастар орталығы, Қабанбай батыр ескерткіші, Босанғанға дейінгі орталық, Облыстық филармония, «Қызғалдақ» субұрқағы жобалары болып жалғасып кете береді. 

«Облыстың сәулеттік сәнін арттырып, көркейтуге бағытталған жұмыстар мұнан әрі жалғасын таба береді. Мәселен, Түркістан қаласына 60 шақырым кіре беріс жерге түркі тілдес халықтардың қалашығын салу жоспарланып отыр. Шығыс халықтарына берілетін этно қаланы әр ұлт өздігінше әсемдейтін болады. Мұнан бөлек, таяуда өңіріміздің Қызылорда және Жамбыл облыстарымен шектесетін бөлігінде «Оңтүстік» символикалық қақпасы бой көтермек»,-деді басқарма басшысы. 

Баспасөз жиынында Е.Жүсіпов облыстағы тұрғындар саны бес мыңнан асатын елді мекендерді бас жоспармен қамтамасыз ету жайы 98,1 пайызды құрайтынын жеткізді. Жұмыстардың атқарылуы жөнінен республика бойынша екінші орында тұрған аймағымызда 2020 жылға дейін бұл нәтиже 99,6 пайызға шықпақ.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475